13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ QS WUR ПӘНДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ QS WUR ПӘНДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздегі 8 жоғары оқу орны QS World University Rankings by Subject 2023 ‒ әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Олардың қатарында Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті де бар.

Нәтижелерге сәйкес, қазақстандық жоғары оқу орындарының топ-100 пәндік рейтингке қатысуы екі еседен астам, үштен жеті позицияға дейін өсті. Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде өз ықпалын арттыруды жалғастыруда: пәндік рейтингтердегі білім беру бағдарламаларының саны өткен жылмен салыстырғанда тоғызға артып, 40-қа дейін, рейтингтегі жоғары оқу орындарының саны сегізге дейін ұлғайды. Тізімге Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, СДУ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті енді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының тағы бір жетістігі — бес пәнді қамтитын салалық рейтингтерге қатысуы болды. Олар: өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерлік ғылымдар мен технологиялар, өмір туралы ғылымдар және медицина, жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық ғылымдар және менеджмент.
Отандық жоғары оқу орындары осы бес салалық рейтингтің төртеуіне кіріп, ондағы өз позицияларының санын 10-ға дейін арттырды.

Төрт қазақстандық жоо әлемнің үздік 100 жоғары оқу орны қатарына еніп, үздік нәтижелер көрсетті. Бірінші жүздікке ЕҰУ ның 3 пәні кірді — «Заманауи тілдер» 88 позиция, «Лингвистика» 94 орын және «Қонақжайлылық және демалысты басқару» пәні бойынша университет былтырғы позициясын 51-100 аралығында ұстап қалды. Одан кейін «Заманауи тілдер» пәні бойынша 76-орында орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұр. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Білім беру және оқыту» бойынша топ-100 пәндік рейтингке кіріп, осы рейтингте 76-орынды иеленді. Сонымен қатар ҚазҰПУ «Ағылшын тілі мен әдебиеті» бойынша пәндік рейтингке қайта оралып, онда 95-ші орынды иеленді. Satbayev University академиялық бедел көрсеткішін айтарлықтай жақсартудың арқасында «Мұнай және газ саласындағы инженерлік мамандықтар» бойынша 51-100 позициялар диапазонында орналасқан: жоғары оқу орны барлық пәндік рейтингтерде академиялық беделдің өсу қарқыны бойынша әлемде екінші орынды көрсетті.
​«Әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингтеріндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны сегізге дейін өсті: бұл үш жыл бұрынғыдан төрт есе көп. Жаңа пәндік рейтингтердің нәтижелері Қазақстанның қазіргі ғылыми күн тәртібіне ықпалын күшейту жоғары оқу орындарын рейтингтерде ілгерілету үшін негізгі мүмкіндік болып қалатынын көрсетеді», — деп атап өтті QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов.

Айта кетейік, QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігінің пәндік рейтингтері әлемнің 93 елінде 1594 университеттің студенттері 54 пән және бес кең пәндік санат бойынша оқытатын 15 700-ден астам жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз салыстырмалы талдау болып табылады. Олар әлемдегі ең үздік университеттер рейтингтерінің ‒ QS World University Rankings рейтингтік желісінің бөлігі болып табылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН АҚШАЛЫ ЕТУ ДАҒДЫЛАРЫНА ҮЙРЕТЕДІ

Next Post

Шымкентте үш айналма жол салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі