13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН АҚШАЛЫ ЕТУ ДАҒДЫЛАРЫНА ҮЙРЕТЕДІ

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН АҚШАЛЫ ЕТУ ДАҒДЫЛАРЫНА ҮЙРЕТЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Science School» атты пәнаралық мектеп жобасы қолға алынған. Мектепке 30 жасқа дейінгі студенттік ұйымдардың жетекшілері, ЖОО-ң және ҒЗИ жас ғалымдар кеңестерінің төрағалары, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер қатысады.

Бес күн бойы жас ғалымдарды ғылыми идеялар мен жобаларды ақшалы ету бойынша қажетті дағдыларға үйретеді. Іс-шараның бағдарламасы қатысушылардың бір апта ішінде ғылыми жоба құрып, оны жүзеге асыру схемасын ұсынып кеңестің мүшелерінен тұратын инвесторлардың алдында қорғай алатынындай етіп құрылған.
Бұл уақыт ішінде жас ғалымдар жобаларды басқару дағдыларын меңгеріп (жобалық менеджмент), тиімді таныстыру үшін сөз сөйлеу қорқынышын жеңіп, өз жобасын жылжыту үшін сатушы копирайтинг әліппесін танып, дауларды шешуге және командада жұмыс істеуге үйренулері тиіс. Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстандағы жас ғалымдардың ғылыми жобалары мен зерттеулерін коммерцияландыру мүмкіндіктері мен қиындықтары туралы айтылады.

— Бүгінде жас ғалымға ғылыми жобаны әзірлеп қана қою жеткіліксіз. Оны тәжірибелік кеңістікте жүзеге асыру үшін қаржыландыру қажет. Мұндай қолдау көзі инвестор- бизнес саласының өкілі бола алады. Ең бастысы, ғалым өзінің ғылыми ойын түсінікті етіп жеткізуі тиіс, ал бизнесмен- оны түсініп, оның коммерциялық потенциалын байқауы қажет. ғалымдардың еңбектерін қоғам пайдалануы үшін ғылым мен бизнесті қалай байланыстыру қажет екендігін жас ғалымдарға арналған «Science School Kaskasu» жазғы мектебі үйретеді, — дейді мамандар.

Қатысушылар командалық рух пен қарсыластық күйін сезінуі үшін, оларды командаларға бөледі. Әр командаға жоба әзірлеу процесінде бағыт беретін және қолдау көрсететін тәлімгер бекітіледі.

Мектеп қатысушылары үшін басты және толқынысты сәт соңғы бесінші күн болады. Жас ғалымдар өз жобаларын қорғап, жоба аясында үйренгендерінің бәрін көрсетулері тиіс.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ БАРЛЫҚ САЛА БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ QS WUR ПӘНДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі