13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте үш айналма жол салынады

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте үш айналма жол салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында үш айналма жол салынады. Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Абдырахманұлы брифинг барысында мәлімдеді. Барлық «Ақылды қала» ұстанымдарына сәйкес, мегаполисттерде айналма жол салу өзекті болып отыр. Осы мақсатта қаламызда үш айналма жол салу жоспарланған. Оның біреуі пайдалануға берілді. Қазір бірінші айналма жолдың құрылысы басталды. Одан бөлек, Шымқаламыздың республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сай көрікті әрі өмір сүруге қолайлы болып одан әрі дамуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті. Әр қоғамдық талқылауға бір ай уақыт белгіленді. Сәулетшілер мен қала халықы тарапынан 140-ға жуық сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Әрбір ұсыныстар мен сұрақтарға өз кезегінде жобалаушы мекеме тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының тарапынан Бозарық шағын ауданының аумағынан темір жол салу туралы ұсыныс түскен болатын. Алайда бұл арнайы мамандардың және жобалаушы мекеменің жүргізген зерттеуінің нәтижесінде қалаға экономикалық тұрғыдан тиімісіз екені нақтыланды. Сол себепті қолда бар ресурстарды пайдалану мақсатында бас жоспарға темір жолды аэропорт ауданының аумағынан салу тиімді деп жоспарлануда. Бұған қаланың тұрғындары да дұрыс деген ұсыныстарын білдірді.

Айта кетейік, қаланың бас жоспарына сәйкес, транспорттық логиситика, инженерлік коммуникация жүргізу мекемелері, білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдары, бас жоспарда қарастырылған мәдени-тұрмыстық ұйымдардың барлығы мемлекет мұқтаждығына қайтарылады. Бүгінгі күнде ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 1442 жер учаскесіне, 157 нысан бойынша 33 қаулы қабылданған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ QS WUR ПӘНДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

Next Post

Шымкентті көріктендіруге дизайнерлер атсалысып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі