13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС ӘКІМІ САУРАНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ 1,5 АЙ УАҚЫТ БЕРДІ

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС ӘКІМІ САУРАНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ 1,5 АЙ УАҚЫТ БЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы құрылысы бойынша өзекті мәселелері бар нысандарды аралады. Алдымен Сауран ауданындағы Қосмезгіл елді мекеніндегі 300 орындық мектептің жай-күйімен танысты. Аталған білім ұясы 2022 жылы тапсырылған. Конкурстық құны – 1 млрд. 180 млн. теңгені құрайды. Алайда бұл мектеп әлі оқушыларды қабылдай алмай отыр. Себебі, абаттандыру және сумен қамту жұмыстары әзірге аяқталмай отыр. Осы мәселеге тоқталған облыс әкімі құрылыс басқармасының басшысы мен аудан әкіміне кемшілікті мамыр айының соңына дейін жоюды тапсырды.

– Мектептің құрылысына аз қаржы жұмсалмаған. Әдемі мектеп салуға толық жетеді. Бірақ мердігердің жұмысы қадағаланбаған. Абаттандыру жұмысын атқару керек. Сумен қамту жүйесін, ойын алаңшаларын, стадионын ретке келтіріңіздер. Жаттығу құрал-жабдықтары мен спорт алаңы балалар үшін қауіпсіз болуы қажет. Құрылыс басқармасы, аудан әкімдігі, Білім басқармасы осы мәселелерді бірлесе атқарып, мектептің жұмысын бастаңыздар, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы одан кейін Сауран аудандық емханасын аралап, жұмысымен танысты. Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесіп, осы саладағы мәселелерді талқылады. Алдағы жоспарлар сараланды. Талқылау нәтижесінде ауданға 500 адамды қабылдайтын заманауи емхана қажет екені анықталды. Облыс әкімі бұл мәселені шешуге қолдау көрсетілетінін жеткізді. Денсаулық сақтау басқармасы мен аудан әкімдігіне осы жоба бойынша ұсыныс беру тапсырылды.

Айта кетсек, Түркістан облысында ғылым мен білім саласын дамыту қарқынды іске асуда. Бүгінде өңір оқушыларының еңбегі ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша үздік үштікке енген еді.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ IV КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ БАРЛЫҚ САЛА БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі