13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ IV КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ IV КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың 18-21 сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өтуде.
Олимпиада әр облыс орталықтарындағы тірек мектептерде 2 турда, Түркістан облысы бойынша Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатында өтеді.

Жалпы республика бойынша олимпиадаға – 730 оқушы қатысады. Ал Түркістан облысынан 7 пән бойынша 28 оқушы қатысады. Соның ішінде, Түлкібас ауданынан қазақ тілі пәнінен Т.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Кадырова Руфина, жетекшісі Имашева Алия және орыс тілі пәнінен/орыс сыныбы/ М.Ломоносов атындағы МГ-ның 11-сынып оқушысы Демус Александра /жетекшісі Василюк Ирина / қатысуда.

Бұл республикалық олимпиадаға Оқу-ағарту министрлігінен келген өкіл Саманта Нұрланқызы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан келген маман Руслан Серікқалиұлы қатысуда.

Конкурстың ашықтығын және академиялық адалдықты сақтау мақсатында YouTube арнасында тікелей эфир жүргізілуде.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің медалі мен дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Жалпы республика бойынша олимпиадаға – 730 оқушы қатысады. Ал Түркістан облысынан 7 пән бойынша 28 оқушы қатысады.

Конкурстың ашықтығын және академиялық адалдықты сақтау мақсатында YouTube арнасында тікелей эфир жүргізіледі.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің медалдары мен дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Еске салсақ, былтыр өңірдің 17 оқушысы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті. 6 оқушы жүлделі орындарға ие болған еді. Осылайша, Түркістан облысының оқушылары командалық есепте республика бойынша бірінші орынға ие болған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ROBOTUR» ІІІ ОБЛЫСТЫҚ МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОБЛЫС ӘКІМІ САУРАНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ 1,5 АЙ УАҚЫТ БЕРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі