13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ROBOTUR» ІІІ ОБЛЫСТЫҚ МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ROBOTUR» ІІІ ОБЛЫСТЫҚ МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғам өркениетіндегі өмірдің ерекше саласы ғылым екендігі белгілі. Ғылым адамзат тарихының өн бойында дами отырып, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Өйткені, қоғамдағы барлық мәселелер көбінесе ғылымның араласуымен шешіледі. Демек, білім мен ғылым бір-бірін толықтыра отырып, табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Ғылыми қызметкерлер күніне орай Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен педагогтер арасында Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың тетігін «ROBOTUR» байқауымен ұштастырды.

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өткен байқауға Түркістан облысының 17 қалалық, аудандық білім бөлімдері және 13 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 18 құрама команда қатысты.
Байқау мақсаты: Облыстағы робототехника мұғалімдерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату. Білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру еді.
Байқау 4 санаттан тұрады:
Mini sumo санаты;
Asyq atu санаты;
Robo Aq suiek санаты;
Робофутбол санаты.
4 санат бойынша орындар саны
І орындар саны – 4;
ІІ орындар саны – 4;
ІІІ орындар саны – 7;
Номинациялар саны – 11;
Алғыс хат — 1.
Жалпы есептік кезең бойынша байқау нәтижесінде:
І орын – жылжымалы кубок Жетісай ауданы;
ІІ орын – Сарыағаш ауданы;
ІІІ орын – Қазығұрт ауданы еншіледі.

Еске салсақ, осыған дейін Кентау қаласындағы №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл әзірлеген қара жорға билейтін робот көпті сүйсіндірген болатын. «Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке таныстырған еді.

Жалпы, Түркістан облысында робототехника үйірмелерінің жұмысы жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Естеріңізде болар, Төлеби ауданында қымыз құятын робот ойлап тапқан 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек те көпшілікке танылып үлгерді. Ол өз туындысына «денсаулық сыйлағыш Асылбек» деген ат қойған. Ерекше робот құрастырған түркістандық оқушылар облыс көлемінде ғана емес, республика көлемінде де танымал.

Previous Post

Азаптауға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі Алматыда өткен конференцияда қаралды

Next Post

ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ IV КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі