13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үшінші мегаполис биыл 100 % таза ауыз сумен қамтылады

13 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Үшінші мегаполис биыл 100 % таза ауыз сумен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы баспасөз туры барысында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіқалықов мәлімдеді. Қазіргі таңда, 9 нысанда ауыз су жүйесінің, 8 елді мекенде электр желісінің, ал, 14 шағын ауданда көгілдір отын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қала халқының бүгінде 98,5 % таза ауыз сумен қамтылған. Ал, қалған 2,5 % биылғы жылдың жоспарына енгізіліпті. Осы орайда, 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Олар, Сайрам 1,2, Қайнарбұлақ, Құрсай, Еңбекші ауданының жаңа құрылыс аумағы мен Сайрам 3 шағын ауданы.
Дәл қазіргі таңда, 9 нысанда ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Оның 4-еуі яғни, Шымситидегі суаққы мен ВС-1-дегі қайта құру жұмыстары, сонымен қатар, Бозарықтың жаңа құрылысы мен гидрогеолог жұмыстар келесі жылдың еншісіне қалдырылып отыр екен. Баспасөз туры барысында жыр болған Қайнарбұлақтағы жарық жүйесі таныстырылды. Бүгінде 90 пайыз құрылыстың аяқталғанын жеткізген басқарманың сол аумаққа жауапты жетекшісі, бұйыртса, мамыр айында абоненттеуді бастаймыз деп отыр.
Қайнарбұлақпен қатар, қалада 7 елді мекенде сапалы жарық жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, олар Нұрсәт, Түркістан, Батыс, Тұран, Ақжар, Бозарық пен Асардың жаңа құрылыс аумақтары. Биыл аталған шағын аудандардағы құрылыстар аяқталып мемлекеттік қуат көзіне қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде, қала халқының 100 пайызы сапалы жарыққа қол жеткізбек. Тілшілерге таныстырылым барысында табиғи газ жайында сөз қозғаған жауапты басқарма басшысының орынбасары 14 нысанда құрылыс жүріп жатқанын жеткізді.

Көгілдір отын құбырлары тартылып жатқан 4 елді мекендегі құрылыс келесі жылға өтпелі. Олардың қатарына тағы да 2024 жылы 8 нысан қосылады деп күтілуде. Осы орайда, 2025 жылы миллионды қала толықтай табиғи газбен қамтылады деген жоспар бар. Ал, кәріз жүйесі тартылып жатқан 12 елді мекеннің 8-індегі құрылыс биыл аяқталып, 60 пайызды құраған көрсеткіш 65 пайызға өсетін болады. 2025 жылға дейін қала халқының кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі 75 пайызды құрайды деп жоспарлануда.

Previous Post

Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ QAMQOR ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі