13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады

13 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады
Share on FacebookShare on Twitter

Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі «Жол картасы» аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілетін болды. Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіндегілер хабарлады.
Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқу орындарының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсарып келеді. 141 мектепке 320 интерактивті панель, химия және биология кабинеттері сатып алынды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72%-дан 85%-ға өсті. Сонымен қатар төрт мектеп аумағында типтік спорт алаңдары салына бастады. №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ал Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің соңғы үлгідегі қосымша құрылысы да маусым айында бітеді.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының білім беру жүйесін дамыту жөніндегі «Жол картасы» балалардың қауіпсіздік мәселелерін де қамтиды. Оны іске асыру үшін бейнебақылау жүйелері, турникет және жедел басқару орталығына қосылған дабыл түймелерімен жабдықтау 100% орындалды. Бүгінгі таңда қаланың барлық мектептері I-ші дәрежелі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарын цифрландыру жұмыстары да қарқыны артқан. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласының жүз мектебінде интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті.
Тағы бір айта кетерлігі, егер бұрын балалар секцияға немесе үйірмеге жазылу үшін Artsport платформасын қолданған болса, қазір жаңа нормативтік-құқықтық актілер бойынша әкімдіктер өздері платформаны таңдайды. Бұл ваучерлер бойынша ақпараттың орталықсыздандырылуына әкеп соғады. Дегенмен, жаңа әзірлеушілер бұл мәселені шешуге дайын екендіктерін айтып отыр.

Бұдан өзге Оқу-ағарту министрлігіндегілер биыл колледжерге бөлінетін қосымша білім беру тапсырыстары туралы да атап өтті. Ведомствоның Техникалық және кәсіптік білім департаментінің хабарлауынша, жаңа оқу жылынан бастап сұранысқа ие мамандықтарға қатысты тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты республика бюджетінен 50 мың орынға көбейту жоспарланған. Нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар саны 130 мың адамға жетеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс 50% -ға, 2025 жылға дейін 70% -ға ұлғайтылды. Бүгінгі таңда 52 мыңнан астам студент электротехника және энергетика, электроника және автоматтандыру, механика және металл өңдеу, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану секілді бағыттарды таңдады», – деді департамент директоры Ернат Жүнісов.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Нұртас шағынауданында асфальт төселген көшемен кәріз жүйесі жүріп жатыр

Next Post

Үшінші мегаполис биыл 100 % таза ауыз сумен қамтылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі