13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ QAMQOR ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

13 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ QAMQOR ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте өңірлік Qamqor бағдарламасы аясында несиелеу үшін алғашқы транш 3 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді.

– Биыл Шымкентте тұрғын үймен қамту мәселесін шешуде өңірлік Qamqor бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға басымдылық беріледі. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан немесе қайталама нарықта да үміткерлер өздері тауып, сатып ала алады. Қарыздың максималды сомасы 20 млн теңгені құрайды. Кредит бойынша алғашқы жарна 10 пайыз, жылдық мөлшерлеме 5 пайыз, одан әрі жылдық 3,8 пайызға дейін төмендейді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің» арқасында ипотека мөлшерлемесін төмендетуге болады,– деді Тұрғын үй басқармасы басшысы Жанат Өтебаева.

Жанат Өмірсейітқызының айтуынша, Qamqor бағдарламасына 63 жасқа дейінгі қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы, соңғы 3 жыл ішінде Шымкентте тұрақты тіркеуде болуы тиіс. Қазіргі таңда бағдарламаға қатысуға ниет білдірген тұрғындарға мамандар негізгі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Шымкентте іске қосылатын Qamqor бағдарламасымен дәрігер, медбике, санитар, педагог, тәрбиешіл, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері баспаналы бола алады.

Сондай-ақ, биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 324 арендалық пәтер, жұмыс істеп жүрген жастарға – 888 пәтер, несиелік негізде – 1919 пәтер беру жоспарланған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді.

2022 жылы Шымкент қаласында жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы аясында 857 жас қоныс тойын тойлаған. Биыл 888 жасты арендалық баспанамен қамту көзделіп отыр. Конкурсқа өтінімдер қабылдау, өңдеу, келісімшартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізілетін болады.

Айта кетейік, биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына жатқызылып, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұған дейін жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін.
2000

Previous Post

Үшінші мегаполис биыл 100 % таза ауыз сумен қамтылады

Next Post

ШЫМКЕНТ: 6 ЕМХАНА, 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі