13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: №189 ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

14 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: №189 ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауына келген №189 орамдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық мәселелерге қатысты талап-тілектерін жеткізген болатын. Су, газ, электр қуатының үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді сұраған азаматтардың өтініші ескеріліп, шұғыл түрде ақауларға зерделеу жұмыстары жүргізілген.

Бүгін аталған тұрғын үйлерге арнайы барған Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамту мақсатында атқарылған жұмыстарды тексерді. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде бұл үйлерде ауыз су, жылы су, электр энергиясы тұрақты берілуде. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан табиғи газды қосу үшін абоненттердің жеке есеп шоттарын ашу жұмыстары жүргізілуде.

—Пәтерлерге газ беру мәселесін бір апта көлемінде шешіңіздер. Сондай-ақ тез арада мүгедектігі бар азаматтардың үйлерге кіріп-шығуына ыңғайлы болуы үшін пандустарды және құрылыстағы кейбір кемшіліктерді талапқа сай қалпына келтіру қажет– деді қала әкімі.
Айта кетмек, бүгінде қалада газды тұтынудың техникалық ережелерінің сақталмауынан улану жағдайлары жиілеген. Бұл олқылықтың алдын алу мақсатында газдан уланудың алдын алу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Еңбекші ауданы әкімдігі, прокуратурасы, төтенше жағдайлар басқармасы, полиция және еріктілер, «ҚазТрансГаз Аймақ» және газ техникалық инспекция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара халық ең көп шоғырланған 11 шағынауданнан бастау алды. Арнайы көлікпен жасақталған бригада газдан келетін қауіп, одан сақтану мен дұрыс пайдалану жолын хабарлап шықты. Сонымен қатар, тұрғындарға газ тұтыну ережелерін сақтамаған жағдайда қандай құқықтық жауапкершілікке тартылатыны жайында жаднама таратылды.

— Жылыту маусымы басталғалы Еңбекші ауданында екі қайғылы оқиға орын алды. Екеуі де тұрғындардың техникалық талаптарды сақтамай, құбырды дұрыс орнатпағанның салдарынан болған. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар жиілеп кеткендіктен, біз осы бірлескен ауқымды іс-шараны қолға алдық. Бүгін қала ішінде дауыс зорайтқышпен хабарлама таратып, түсіндірдік. Ертеңнен бастап үйме-үй жүріп келісімшарттарды тексеретін боламыз. Көп тұрғындар есігін ашпайды. Дегенмен, бұған арнайы заң жүзінде бекітілген талап бар екенін де ескерсе дейміз, — деді Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, полковник Қайрат Сәрсенбаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының талаптарын орындамаған жағдайда 7 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін талаптарды қатаң сақтаған абзал.

Previous Post

2023 ЖЫЛДАН БАСТАП 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АЗАМАТТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ

Next Post

«AMANAT» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлықты арттыра түспек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі