13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2023 ЖЫЛДАН БАСТАП 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АЗАМАТТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ

14 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
2023 ЖЫЛДАН БАСТАП 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АЗАМАТТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.

Бұған дейін жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, бұдан былай 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осылайша жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артпақ.
Биылғы жылы 888 жас арендалық баспанамен қамтылатын болады. Жастар бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау электронды портал арқылы жүзеге асырылып, өтінімдерді қабылдау, өңдеу, келісім-шартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізілетін болады.

Қатысушаларды іріктеу балдық жүйе арқылы іске асады. Шымкент қаласы бойынша әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.

Сонымен қатар, Жастар бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылдан бастап жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер енді 3 жыл мерзімге пайдалануға берілетін болады.
Өтініш берушінің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуі болуы және иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі тиіс.

Жыл соңына дейін қалада Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасы аясында 888 азамат арендалық пәтермен қамтылады. Тиісті заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, бірқатар мемлекеттік қолдауларға ие болуда.
Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отарып, жұмыс істейтін жастарды қолдау болып табылады. Аталған бағдарлама негізінде Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында құжаттар қабылдау басталып, 2020 жылы сатып алу құқығынсыз жастарға 904 пәтер қолданысқа табысталған болатын. Ал осы бағыт бойынша 2021 жылы 300 пәтер берілген болса, былтыр 857 пәтер берілді.

Жұмысшы жастар тұрғын үй бағдарламасының шарты бойынша үміткердің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болу тиіс. Сонымен қатар қатысушының айлық табысы 40 АЕК — тен кем болмауы қажет.

Айта кететін жәйт, Жастар бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жастар бұрын 5 жылға дейін жалдап тұра алса, енді 3 жыл мерзімге берілетін болады.

Previous Post

Микрокредитование для развития бизнеса: в Шымкенте зарегистрировано небывалое количество заявок

Next Post

ШЫМКЕНТ: №189 ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі