13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мәні көп жолдау

4 сентября, 2020
in Қоғам
0
Мәні көп жолдау
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген тақырыппен халыққа жолдау жасады. Жолдау өте бір күрделі кезеңде жасалып отыр. Әлемді шарлап, әбігерге түсірген пандемия қазақстан халқын да айналып өткен жоқ. Қиындықтың бір ерекшелігі мемлекеттің, ұлттың осал тұстарын да айқындап береді. Осы ерекшеліктерді ескерген мемлекет басшысы көп қорытынды ойлар айтқан. Мысалы өзекті бір мәселе ретінде өнеркәсіб туралы былай дейді: «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды». Яғни әлі барды ұқсата алмай жүрміз. Жоққа жүйрік жетпейді. Ойлантатын нәрсе.

Жолдауда ғылым туралы мынадай ойлар айтылады: «Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды». Президенттің бұл айтқандары ғалымдар үшін жаңа тыныс, жаңа бір леп секілді болып көрінеді. Өте қолдауға тұратын нәрсе. Ел-жұртқа, қоғамға керегі:терең білім, еңбекшіл болу, кәсіби дағды, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық. Осындай тоқтамға келе алсақ зор жетістікке жететінімізге дау жоқ. Жолдауды қолдаймыз.

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымы

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Бүгінгі жолдау жаңа мүмкіндіктер мен үміт сыйлады

Next Post

Президенттің бастамасы ел экономикасы мен әлеуметтік қамсыздандыруға үлкен қолдау боларына сенемін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі