13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бүгінгі жолдау жаңа мүмкіндіктер мен үміт сыйлады

4 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Бүгінгі жолдау жаңа мүмкіндіктер мен үміт сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауында сапалы білім беруге аса мән берді. Коронавирус індетінің салдарынан қашықтан оқуға көшкен мектеп оқушылары мен студенттердің оқыту ісін ұйымдастыруда кеткен қателіктерді де ашып айтты. Нақты бір онлайн-платформаның жоқ екенін алға тартып, осы бағытта шұғыл тапсырма берді.

Сондай-ақ, «санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн», — деді.

Қуанарлығы да — осы. Енді дәстүрлі оқу тәртібіне оралатын кез алыс емес. Алдағы уақытта балаларымыз қалыпты жағдайда білім алады.

Дегенмен мемлекет басшысы сақтық шараларын әлі де естен шығармауды нықтап тапсырды. Себебі індетпен күресті жекелеген түрде күшейту керек. Өйткені дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауы бойынша пандемиямен кем дегенде екі жыл күресуге тура келеді. Індеттің қазіргі ахуалына тоқталған Президентіміз бұл бағыттағы атқарылған жұмыстарды да тілге тиек етті.

Осылайша биылғы Жолдау көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, оның шешілу жолдарын ұсынған нақты құжат болды. Енді Жолдауда айтылған өзекті мәселелер шешімін өз уақытында табатынына сенім білдіремін.

Нұрлыбек ОМАРОВ,

М.Әуезов атындағы ОҚУ филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Тұрғындарға сақтандыру мәртебесі беріліп жатыр

Next Post

Мәні көп жолдау

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі