13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Тұрғындарға сақтандыру мәртебесі беріліп жатыр

3 сентября, 2020
in Денсаулық
0
Тұрғындарға  сақтандыру мәртебесі беріліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Үкіметі ТЖ жағдайында медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешектері қалыптасқан халықтың кейбір санаттарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бастамаларына қолдау көрсетті. Бұл жөнінде өңірлік штаб отырысында  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев баяндады.

«Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келіп түскен өтініштерге талдау жасадық және азаматтардың сақтандырылған мәртебесінің болмауының негізгі себептерін анықтадық. Қазақстандықтардың бір бөлігі қатаң карантин мен төтенше жағдай кезінде МӘМС жүйесіне жарна төлеу мүмкіндігінен айрылды, оларға медициналық көмекке қол жеткізу үшін қолдау қажет болды. Қор Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Үкіметі қолдаған осындай ұсыныстарды әзірледі», – деді, Қор филиалының директоры.

Талдау көрсеткендей, «сақтандырылған» мәртебесінің болмауының негізгі себебі 42,5 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін жеңілдікті санаттағы өкілдермен БЖТ төленуі болды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелер оларды автоматты түрде БЖТ төлеушілер санатына ауыстырды. Тиісінше, олар Saqtandyry базасында жеңілдетілген санаттардан «шығарылды».  Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде төлемдерінде үзілістер туындаған жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесінен тыс қалды.

Осыған байланысты, Үкімет келесі шараларды қолдады:

— жалдамалы қызметкерлер соңғы 3 айда кемінде 1 төлем болған кезде және егер төлемдер бойынша берешек жыл басынан бері 2 айдан аспаса, МӘМС жүйесінде қалпына келтіріледі;

— жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ соңғы 3 айда төлем болған жағдайда, жыл басынан бастап 2 айдан аспайтын берешегі барлар (мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, олар қызметін тоқтатқан жағдайда) сақтандырылған адамдардың мәртебесін алады;

— ТЖ кезеңінде жеңілдік санатымен БЖТ төлегендердің  төлемі есепке алынбайды және сақтандыру мәртебесі автоматты түрде қайтарылады;

— COVID-19-ға қарсы күрес шеңберіндегі шектеу іс-шараларына байланысты қызметкерлердің мәжбүрлі демалыстарда күтімсіз болған кезеңдері берешек ретінде есепке алынбайды. Бұл ретте табысты жоғалтудың дәлелі табыстың жоғалуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем алу болып табылады (42500 теңге).

«Бұл шаралар медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайтарды. Бұл санаттарды қосу жұмыстары әлі де жүргізілуде және үкімет шараларының арқасында сақтандырылғандар саны әлі де арта түседі. Осылайша, коронавирустық пандемияға байланысты табысынан айырылған немесе бенефициарлардың арасынан шыққан азаматтар медициналық сақтандыру жүйесіне қайтарылады және медициналық көмектің барлық көлемін ала алады», – деді, А.Асанұлы.

Мәртебені алу үшін азаматтарға қандай-да бір жерге барудың қажеті жоқ. Барлық деректер ақпараттық жүйелерде автоматты түрде жаңартылады.

Сондай-ақ, Қор уәкілетті министрліктермен бірлесіп, 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған ШОБ-тың сақтандырылған қызметкерлеріне мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл 800 мыңнан астам жұмыскерге әсер етеді.

Сақтандыру мәртебесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Play Market және App Store-да орнатуға болатын Qoldau  24/7 мобильді қосымшасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістанда праймеризге қатысып жатқан дәулеттілер кімдер?

Next Post

Бүгінгі жолдау жаңа мүмкіндіктер мен үміт сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі