13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Президенттің бастамасы ел экономикасы мен әлеуметтік қамсыздандыруға үлкен қолдау боларына сенемін

4 сентября, 2020
in Билік
0
Президенттің бастамасы ел экономикасы мен әлеуметтік қамсыздандыруға үлкен қолдау боларына сенемін
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы VІ сайланған Парламент сессиясының ашылуында халыққа кезекті Жолдауын жолдады. Әлемдік деңгейде сындарлы шақты бастан кешіріп отырған сәтте мемлекет алдында ауқымды мақсаттар мен міндеттер тұр. Экономиканы тұрақтандыру, құқықтық жүйені жетілдіру, нормативтік базаны қайта сараптау, әлеуметтік қамсыздандыру, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау сияқты басты бағыттар бар. Бірақ денсаулық сақтау, медицина саласын дамыту басымдығы қашан да күн тәртібінде алғашқы орында.

Мемлекет басшысы денсаулық саласына алдағы уақытта айрықша көңіл бөлінетінін айтты.  2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артады деген ел Президентінің тапсырмасы ақ халатты жандарды ынталандыра түскендей.

Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін әлі де болса іске асыра алмай келеміз деген сөзі де ой салады, демек ішкі нарықты дамытуға жұмыс жасауымыз керек.

Ең бастысы, «Негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс, бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі» деп тұжырымдап, бұл бағытта нақты нәтиже күтетінін айтты.

Шешу жолы қандай, бұл тапсырманы еңсеруде іс-әрекетіміздің бағыты қалай болу керек?

Отандық тауар өндіруді қолдау – біріншіден, сапалы өніммен елді қамтамасыз етіп, екіншіден – жұмыссыздық мәселесін шешіп, үшіншіден – Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, елімізді «тұтынушылық» қыры емес, «өндірушілік» қырынан танытатыны сөзсіз. Келесі маңызы, мұндай отандық кәсіпорындарда медициналық құрылғылар мен бұйымдарды дайындау барысына жоғары оқу орындарында білім алушы болашақ мамандарды тарту — ел ертеңі үшін бәсекеге қабілетті, кәсіби кадр дайындаудың негізі. Осылайша, мемлекет қажеттілігі мен тауар өндіруші мүддесін ортақ мақсатқа жұмылдыру – нәтижелі және уақыт күттірмейтін іс.

Медициналық инфрақұрылымды дамыту жайы өз алдына, бюджеттен қаражат та қарастырылған.

«Алғашқы медициналық көмек ауыл тұрғындары үшін де қолжетімді болу керек, жекелеген аймақтар үшін көліктік медицинаны жаңарту бойынша шаралар қолға алынады. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту барлық медициналық ұйымдарды қажетті құрылғылармен жабдықтауға, 50% жатын орын қоры мен ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, осы арқылы өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жеткізуге мүмкіндік береді» деген жоспарлар алға қойылған мақсаттың ауқымдылығын аңғартады. Ал, мақсатқа мемлекет пен жеке меншік потенциалын біріктіріп жұмыс жасау арқылы ғана қол жеткіземіз.

Жаңа жағдайдағы экономикалық даму – жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, кәсіпкерлік субьектілері үшін нарықта адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, өндірушілік потенциалды арттыру сияқты принциптерге негізделуі тиіс деп атады.

Сонымен бірге өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетін дұрыс пайдалану туралы да айтылды. Жас өскіндердің шығармашылық пен қолөнерді үйренуі үшін арнайы балалар үйірмесін қайта жаңғырту керек. Өйткені, жаңа заманның Z-ұрпақтарын белгілі бір іспен шұғылдануға баулымасақ, қазіргі нақты жағдаяттар оларға кері әсер етуі мүмкін. Президент жергілікті әкімдердің жұмысымен осы критерийлерге қарап та бағалайтынын ескерте кетті. Енді, Президентіміз айқындап берген міндеттерді бірлесе, жүзеге асыруымыз керек.

Ақжол Қалшабек, М. Әуезов атындағы ОҚУ, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті

Tags: 13kz.kz13кз
Previous Post

Мәні көп жолдау

Next Post

500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунік 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі