13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

18 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр.
Ел Президенті «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл – өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады»,- дей келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді отбасынан, балабақша мен мектептерден бастауды тапсырды.
Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Шымкент қаласында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бірқатар істер атқарылып келеді. Атап айтсақ, бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту қолға алынған. Қазақ тілін оқытудағы ең тиімді тәсіл – тіл дамыту әдісі. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері сөздік жұмысы, жаттығуларды жазбаша және ауызша орындау арқылы дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар, тіл үйренушілерге арналған «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» оқу құралы арқылы дәріс берілуде. Бұл оқу құралында әлеуметтік-тұрмыстық, күнделікті өмірде қолданылатын сөз орамдары мен лексикалық минимумдар, сөйлеу әрекеттерінің жазылымы, оқылым, сөйлесім, тыңдалым, айтылым бөліктері қамтылған.
Сондай-ақ, Шымкенттегі этномәдени орталық қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Тілашар — сөздік» әдістемелік оқу құралдарын дайындалып жатыр. Бұл оқу құралы да өзге тілді қазақстандықтардың мемлекеттік тілді тез меңгеруіне мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 246 білім беру мекемесі бар. Оның ішінде 92 мектепте 91371 оқушы қазақ тілінде білім алса, аралас тілді 154 мектепте 157 816 оқушы оқиды. Бүгінде аралас тілді мектептерде өтетін іс-шараларды қазақ тілінде өткізуге басымдық беріліп отыр.
Previous Post

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 260-ҚА ЖУЫҚ ЖАС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 2500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі