13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 260-ҚА ЖУЫҚ ЖАС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

18 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 260-ҚА ЖУЫҚ ЖАС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкентте биыл 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 1 қыркүйектегі Жолдауындағы жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады.
Миллионды қала тұрғындарының 23 пайызын жастар құрайды. Осы орайда, мемлекет тарапынан қарастырылған мұндай жеңілдіктер жастардың кәсіпкерлігін дамытуға зор ықпал болғалы тұр.
Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа микрокредит беру жоспарланып, бұл бағытқа 1,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Жастардың кәсібін қолдау бағытында жеңілдікпен қалада 2024 жылы 273 адам жас қамтылып, оған 1 млрд 365 млн. теңге, 2025 жылы 282 жас қамтылып, 1 млрд. 410 млн.теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, несие алудың шарттары мынадай:
— микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін;
— микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
— номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
— Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылға дейінгі кәсіпкерлер.
— Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс. Кредит нақты бір салаға арналмаған. Кез-келген кәсіп ашқан жас кәсіпкер, оны жүргізуге көмек ретінде несиеге конкурсқа қатысса болады.
Previous Post

Қалалық Антикор мен кәсіпкерлер палатасы базарлар мен сауда орталықтарында бизнеспен кездесуде

Next Post

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі