13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қасиетті Рамазан айына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ақордада және еліміздің барлық өңірлерінде ауызашар өткізілді. Шымкент қаласындағы ауызашар дастарханына шаһардың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, ғалымдар, өнерпаздар мен мәдениет саласының мамандары, танымал спортшылар мен әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген қарапайым еңбек адамдары қатысты.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көпшілікті қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Қала әкімі өз сөзінде Рамазан – күллі мұсылмандар үшін ерекше маңызға ие қасиетті ай екенін, бұл айда Исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, ізгілік пен сабырлылық дәріптелетінін атап өтті. Бұл құндылықтар еліміздің бірлігін бекемдей түсуге және жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке баули отырып тәрбиелеуге оң ықпал ететіні айтылды.

Шымкент қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігімен бірлесе отырып жыл сайын мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырып келеді. Бұл игі шара биыл да жалғасын тапты. Шаһар басшысы осынау қасиетті айда сауапты іске атсалысып, қайырымдылық жасаған азаматтарға алғыс айтты.

Айта кетейік, қаламыздағы 45 мешітІНДЕ «Рамазан шатыры» жайылып, онда күнделікті ауызашар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, қасиетті айдың құрметінде қаладағы 5 ауданның орталық мешітінде қала әкімдігімен бірлесе ауызашар себетін үлестіру жоспарланған. Игі жобаға жеке кәсіпкерлер мен еліміздегі қайырымдылық қорлары да үлестерін қосып жүр.Өткен жылы мегаполисте 30 мың отбасыға азық-түлік себетін тарату көзделген болатын. Жомарт жандардың қайырлы істерге деген белсенділігінің арқасында 34 мыңға жуық отбасыға Рамазан себеттері үлестірілді. Биыл да осы бағыттағы қайырымдылық жұмыстаржалғасуда. Азық-түлік себеті көпбалалы отбасы және көмекке мұқтаж жандарға табысталады. Олардың тізімі алдын ала жасақталады. Қала мешіттерінде көмекке мұқтаждар қатарына тіркелгендер арнайы шақыртылады.

Previous Post

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Next Post

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: Шымкентте мемлекеттік бағдарлама шарапатын көрген кәсіпкер қатары артып келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі