13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жоғары білім ордасының студенттері мен мектеп оқушылары ғылыми жобаларын таныстырды. Көрмеге жастардың ІТ технология мен робототехникадағы жетістіктері, жасыл экономиканы дамытудың ғылыми ізденістері қойылды. Аталмыш іс-шара М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылым күніне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында болып өтті.

Ақыл –жастан. Жас ғалымдардың көрмеге ұсынылған жобасында электр энергиясын үнемдеу тетіктерін зерттеп, жарық өндіру технологиясын дамытуға ден қойғанын аңғаруға болады. Олар өскіндердің фотосинтез құбылысы арқылы электр тогын өндіруге болады,-дейді. Сондай-ақ мектеп жасындағы Нұрасыл Есбол жасанды интелектке ие протез өнертабысын ұсынды.

— Мысалы осы бионикалық қолды салады қолы жоқ адамдарға. Сөйтіп тамыр датчигімен адам өзі сезіп басқара береді қолын. Алған бетімнен қайтпаймын. Алда тағы да болады. Сол жолы осыны дамытып, әрі қарай практикалық тұрғыда кигізіп көрсетемін,- деді №80 ІТ мектеп- лицейінің оқушысы Нұрасыл Есбол.
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Бионикалық қол» жобасы қалалық, республикалық олимпиадаларда жүлдеге іліккен үздік жұмыс. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғылымға арналған 10 күндік аясында осындай үздік жоба авторларына білім гранттарын ұсынып отыр.

— Ғылым күніне арналған 10 күндіктің ішінде біз жастарды, мектеп оқушыларын, жас ғалымдарды және өзіміздің академиктер мен ғылым докторларының колобарация жүйесін ортақтандырып, тағы да бір жаңа ойлардың, тұжырымдамалардың пайда болуына әсер жасамақпыз,- деді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова.

Аталмыш шара сәуірдің 17 –не дейін жалғасады. Онкүндік аясында 35 тұлға туралы қысқа бейнероликтер көрсетіледі. Үздік атанған студенттерді университеттің профессорлары, елімізге танымал ғалымдар марапаттайды. Бұл аға буын мен кейінгі буынның арасындағы ұрпақтар сабақтастығын айғақтайды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АУЫЗАШАРЫ ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі