13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АУЫЗАШАРЫ ӨТТІ

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АУЫЗАШАРЫ ӨТТІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында қасиетті Рамазан құрметіне ел Президентінің ауызашары өтті. Игі шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыс тұрғындары, ақсақалдар алқасы, еңбек ардагерлері мен имамдар қатысты.
Облыс басшысы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, изгі ниетін жеткізді.

– Қасиетті айдың берекелі күнін өздеріңізбен қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Шақыртуды қабыл алып, ауызашарға келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын. Рамазан – діни мереке ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік тоғысқан берекелі кезең. Жанашырлық пен жомарттық арқылы сауапқа кенелетін шақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға айрықша құрметпен қарайды. Біздің өңірде сақталып келе жатқан дала дәстүрін, бірлігі жарасқан қауымның үлкенге ізетпен, қоғамға құрметпен қарайтынын өнеге етеді. Түркістан өңірін дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Түркістан түрленіп, Түркі әлемінің орталығына айналып келеді. Елдігіміз бен бірлігімізді, болмысымызды сақтай білейік! Аға буын, білімді тұлғалар жастарға білім, ғибрат берсе, ұрпақтар сабақтастығы жалғасады. Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, өңіріміздің әлеуеті арта берсін, – деді Дархан Сатыбалды.

Қазіргі таңда Түркістан қаласын түркі әлемі деңгейіндегі тарихи-мәдени және рухани орталыққа айналдыру мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қалада мәдениет, спорт, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Түркістан облысының мәдени-рухани саласын жаңғырту, Түркістанды ең ірі зиярат, туризм, сауда, дін және қолөнер орталығына айналдыру бағытында да ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Түркістан облысында 800-ге жуық мешіт бар. Бір мыңдай имам елдің рухани болмысына қызмет етуде. Дін өкілдерінің біліктілігін көтеру де назарда. Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді. Одан бөлек, «Қылует» рухани орталығының құрылысы жүріп жатыр. Ал, Сарыағаштағы медресеге қосымша 200 грант бөлініп отыр.

Рухани жиында ізгілікке жетелейтін уағыздар, өсиеттер айтылды. Қазақтың өнегелі термелері айтылып, жанға шуақ сыйлайтын дәстүрлі әндері шырқалды. Ел ағалары елді бірлікке бастайтын мағыналы ойларын айтып, өңір жұртшылығын Рамазан айымен құттықтады.
Ас соңында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Төлепов Ержан құран бағыштады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі