13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте инкубациялық әдіспен балық уылдырығынан шабақ алу ісін өрістеп келеді. Шаруашылығын дамытуға ден қойған кәсіпкерлер жасанды бассейн салып, «африкалық сом» балығын көбейтуде. Нәтижесінде жылына 500 тоннадан астам тауарлы өнім дайындалып отыр. Кәсіпкерлер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, алыс-жақын шет мемлекеттерге де экспортталатынын айтады.

Кәсіпкер Данияр Рахымжановтың шаруашылығында 72 бассейн бар. Мұнда негізінен «африкалық жайын» мен «тұқы» өсіріледі. Өйткені, балықтың бұл түрі тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие. Қылқаны аз, дәмі де тіл үйіреді.

— Қазір африкалық сомның шабағы шамамен 500-600 мыңға жетеді дәл қазіргі уақытта. Сәл ірісінің 20-30 мыңдайы бар көлге тасталатыны. Бұл африкалық сомның бассейндері босағаннан кейін карптың шабақтарын тастаймыз деп отырмыз,- дейді кәсіпкер ДАНИЯР РАХЫМЖАНОВ.

Балықтың бұл түрін өсіру кәсіпкерлерге аса тиімді. Өйткені, небәрі жарты жылда екі келіген тарта салмақ жинайды. Сондай-ақ кез-келген ауруға иммунитеті қалыптасқан. Шабақтарын сағат сайын азықтандырса, ірісіне күніне үш рет жем шашады. Жергілікті 10 адам тұрақты жұмысқа тартылған.

— Біздің елімізде бұл балық тек қана біздің оңтүстікте ғана өмір сүре алады. Неге десеңіздер Қазақстанның басқа түкпірлерінде суық қой. Ал оңтүстік ыстық. Бұлардың бір ерекше жері судың температурасы 27-20 С төмен болмауы керек. Сол кезде бұлар жақсы өседі,- деді кәсіп иесі.

Балық шаруашылығына ден қойған кәсіпкерлер бұрын негізінен шабақ сатып алатын. Енді олар өздері уылдырықтан тауарлы балық дайындап жатыр. Алғашқы «африкалық жайынның» аналық тұқымы Тайландтан әкелініпті.
— Біз білмейтін едік қой. Мынау бір жылдық балық ол да уылдырық шашатынын. Қазір біз өзіміз аналық істеп жатырмыз. Мына балықты күзде аулаған кезде ішінен жақсысын, үлкендерін жинап алып қоямыз. Содан ұрықтарын алып, пайдаланамыз, — деді Данияр Рахымжанов.

Аймақ шаруалары арасында балықтың қорегі мен құнарлы жеміне қашан да сұраныс көп. Тиісті басқарма бұл мақсатта іс бастаймын деген кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін іздестіріп жатыр.

САҒДАТ МАХАНОВ — ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Қазіргі уақытта өзіміздің балық асырап отырған кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп жатыр. Балықтың құрама жемін шығару үшін. Арнайы мемлекет тарапынан қаржы бөлу немесе мемлекет тарапынан қолдау құралдарын қарастыру бойынша».

Данияр Рахымжановтың балық шабақтары бассейнде өсіріліп, кейін жасанды көлдерге жіберіледі. Ол үшін шаруашылық иесі қала іргесіндегі өзен-каналдардың аумағынан 11 тоған салған. Тұтынушылардың көптігі сонша биыл өндірілген тауарлы балықтың барлығы сатылып кетті,-дейді кәсіпкер.

Previous Post

Шымкентте мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бизнес бастағандар көбейіп келеді

Next Post

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АУЫЗАШАРЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі