13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: Шымкентте мемлекеттік бағдарлама шарапатын көрген кәсіпкер қатары артып келеді

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: Шымкентте мемлекеттік бағдарлама шарапатын көрген кәсіпкер қатары артып келеді
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте мемлекеттік бағдарламаға қатысып, өз кәсібін дөңгелетіп жатқан кәсіпкерлер саны артуда. Мәселен, кәдімгі ағашты кәдеге асырып, денсаулыққа пайдалы өнім жасаған кәсіпкердің бірі – Шолпан Көпбаева. Ағаштан ыдыс-аяқ бұйымдарын жасап жүрген ол бүгінгі таңда өнімдеріне сұраныс жоғары екенін айтады. Ол қайтарымсыз грантты жеңіп алып, аталған кәсіп түрін ашқан.

–Менің әкем – ағаш ұстасы. Ал, өзім мейрамхана ыдыстарын сатумен айналысатынмын. Ыдыстарға қарап түрлі идеялар келетін. Ерекше дизайнмен түрлі тісбасарлар салуға арналған және әртүрлі ұлттардың тағамдарын ұсынуға болатын өзгеше ыдыстарды сызып көріп жүрдім. Мұны ағаштан жасаса қалай шығатыны қызық болып, әкеме ұсыныс айттым. Әкем жаңғақ ағашынан, тұт ағашынан эскиздерімді өңдеп жасап көрді. Содан осындай керемет дүниелер пайда болды. Бүгінде «Қара батыр» брендімен біраз танымалдылыққа жеттік. Тапсырыс берушілер мейрамхана, тойхана, ресторандар. Ыдыстарым ас ұсынғанда ғана әдемі көрініп қоймай, тағамның пайдалылығын, нәрлілігін өн бойына сақтайды. Бұл заттар дымқыл ағаштан жасалады. Оның кебуі бар, станокқа салып ою, одан кейін өрнек салу – бәрін есептегенде бір аптадай уақыт кетеді. Ағаш ыдыстарын жасау үлкен еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Есесіне денсаулыққа пайдасы зор. Тамақтың құнарлылығын сақтап, түрлі бактерияларды жояды. Сапалы ыдысты таңдау үшін оның ағашына мән беру керек. Қайың, еменнен жасалған ағаш ыдыстар ыстық пен суық әсерінен тез сынбайды, ұзаққа шыдайды. Қазақ ерте кезден ағашты пайдалана білген. Ал, біз бүгінде бұл өнерді жаңғырту, халыққа ұсыну жұмысымен шұғылданып отырмыз. Ағаш ыдыстарға деген халықтың сұранысы жақсы. Әсіресе, шетелдіктер көп қызығады, – дейді Ш.Көпбаева.

Бүгінде Ш.Көпбаева сынды өнімнің табыстылығын ғана емес, адамзатқа пайдалылығын да көздейтін кәсіпкерлер көбейіп келеді. Соның бірі – Мәдина Нұрланқызы. Ол киізден жасалған бұйымдарды заманауи үдгіде жаңғыртып, халыққа ұсынуда.

–Киізді қой жүнінен жасаймыз, ал, қой жүнінің жылу реттейтін қасиеті бар, – дейді М.Нұрланқызы. –Құрғақ жылу суық тигенде бірден-бір ем. Жүннен жасалған киімдер мен бұйымдар жараның тез жазылуына, сынықтың тез бітуіне көмектеседі. Қой жүнінде ланолин деген табиғи май болады. Ол бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналымды жақсартады. Жүннен жасалған бұйымдар, әсіресе, ревматизм, остеохондроз және радикулитпен ауыратын науқастарға пайдалы. Киіз деген өзі киелі нәрсе, бір-біріне ұйысатын болғандықтан, тігіссіз өнімдер өндіруге бодады. Қазіргі кезде барлық заттар синтетика болып кеткендіктен адам денсаулығына да едәуір зиян келіп жатыр. Бір қуанарлығы адамдардың көбісі табиғи таза өнімдерге қайта ауысуда. Осыған орай заманауи үлгідегі кілемдерге сай текеметте басып шығардық. Жас келіндерге арналған камзолдар, балаларға арналған үй аяқ киімдерін, бас киімдер тіктік. Сұраныс жаман емес. Жасалу процесі ұзақ уақытты талап етеді. Есесіне пайдасы ұшан теңіз. Мен мемлекеттік грантқа қатысып, ұтқан ақшаға киіз басатын станок сатып алдым. Сол жерде және әлеуметтік желілерде өз өнімдерімізді сатамыз.

Жұмыс жоқ, жалақы аз деген желеумен еңбек етпей, мемлекетке қол жайып отыра бергенде бұл кәсіпкерлер де ешқандай жетістікке жетпеген болар еді. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ екенінің дәлелі бүгінгі біздің кейіпкерлер болса керек. Ендеше қолдан келген кәсіпті игеріп, елге де өзімізге де пайдамызды тигізуден аянбаған жөн.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Next Post

Многопрофильную больницу и клинико-диагностический центр введут в эксплуатацию в Шымкенте

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі