13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды

7 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте аудандарда осы аптада ретсіз сауда мен санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Қазіргі таңда қала аумағындағы тазалық шараларына 300-ден астам адам, 50-ден аса техника жұмылдырылған. Арнайы бригадалар 40-қа жуық секторда жұмыс жүргізуде. Тұрмыстық қалдықтар көпқабатты тұрғын үйлерден күн сайын, жеке секторлардан аптасына 1-2 реттен жиналуда. «Туындаған мәселелерді дер кезінде шешу үшін халықпен тұрақты кездесулер ұйымдастырып, қандай да бір шешім қабылдауда тұрғындардың пікірін ескеріңіздер. Әр ауданда өзекті мәселелер бойынша арнайы мониторинг жүргізіліп отыруы тиіс» — деді қала әкімі. Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы қала тазалығын сақтауда қоғамдық мәдениетті қалыптастыру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға аудандарда ретсіз саудамен күресті жою үшін рейдтік шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.

Айта өтейік, Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 109 көшелерді механикалық және қолмен санитарлық тазалау жұмыстарына 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларына 285,0 млн.теңге қаржы қаралып, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде екен.

2023 жылға жалпы Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 109 басты көшелерді механикалық және қолмен санитарлық тазалау жұмыстарына бюджеттен 1,4 млрд.теңге қаржы қаралып, Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жұмыс жүргізуге құжаттамалар дайындалуда.

Әл-Фараби ауданы аумағындағы ішкі орам жолдармен ауладағы қоқыстарды тазалау жұмыстарына 2023 жылға 479,0 млн.теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «ӘКЕ – АСҚАР ТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

Түркістан төрінде төрт ай бойы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі