13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан төрінде төрт ай бойы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтеді

7 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан төрінде төрт ай бойы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының 5 жылдығына орай өңірде төрт ай бойы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы мәлім етті.

Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, бұл фестивальдің басты мақсаты — мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыру. Аталған фестиваль сәуір-шілде айлары аралығында Түркістан қаласында әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері өтпек.

Брифинг барысында Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров байқауды өткізу барысына тоқталды.

– 7 сәуір күні Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінің аумағы мен Этноауылда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің ашылу салтанаты болады. Аудан-қалалардың өнер ұжымдары алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, кезекпен келіп, өнерлерін көрсетеді. Алғаш болып фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашады. Фестиваль 4 айға жоспарланып отыр. Онда аудан-қалалар жұма, сенбі күндері Этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің және аудан, қаланың жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырады. Қылқалам, қолөнер шеберлерін қатыстыра отырып сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстарын көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүр, ән-жыр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер де сахналанады, — дейді Мейіржан Нұрғалиұлы.

Ал аптаның жексенбі күні «Керуен сарай» туристік кешені аумағында әрбір аудан, қала мерекелік Гала-концерт дайындап, көрермендерге ұсынады. Гала-концертте халық шығармашылығының жанрлары: ән, би, күй, айтыс, көркемсөз оқу, жыр-терме, цирк, сатира, хор, оркестр, вокалды-аспаптар мен отбасылық ансамбльдер, фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер, театрландырылған қойылымдар болады.

Айта кетейік, фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған көркемөнерпаз ұжымдары және әншілердің қатысуымен Гала-концерт ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

ШЫМКЕНТ: Санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды

Next Post

Түркістан-Шәуілдір бағытындағы жол қайта құрудан өткізіліп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі