13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте АӘК алушылар саны 67% азайған

6 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте АӘК алушылар саны 67% азайған
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасылар мұқтаж жандар қатарынан шығып жатыр. Олардың басым бөлігі, мемлекеттен қайтарымсыз грант алып өз кәсібін ашқан. Олар өз бизнесін дөңгелеткен соң әлеуметтік көмек алудан бас тартқан. Өйткені, олар енді өзін ғана асырап қоймай, өзге жандарды да жұмыспен қамти алады.

Атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасының қазір жеке бизнесі бар. Әйгерім Бекбауова бала кезінен кәсіп ашуды армандаған. Бірақ көпбалалы жанұяда тәрбиеленген ол қаржы тапшылығынан арманым алыс болды дейді. Алайда, қайсар ару мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант арқылы қиын өмірлік жағдайдан шыға білді. Кәсіпкерлік оқытудан өтіп, 400 АЕК көлемінде грант ұтып алды.

«Біз осы 2022 жылы грант алғанға дейін мемлекеттен АӘК алып отырғанбыз. Одан кейін өз бизнес идеямызды іске асыру үшін мемлекеттен грант алуға жұмыспен қамту орталығына барып бизнес-жоспарымызды ұсынып, қыркүйек айында өтінім бердік. Қазан айында өтінім мақұлданып, грант берілді»,- деді жеке кәсіпкер Әйгерім Бекбауова.

Көпбалалы отбасының қазір компьютерлік қызмет көрсететін және құрылыс материалдарын шығаратын шағын кәсіпорны бар. Айлық табысы шамамен 1 млн. теңгеден асады.

Бірақ, бұл Шымкенттегі кәсіп бастаған жалғыз аз қамтылған отбасы емес. Қазір АӘК алатын азаматтардың басым бөлігі кәсіпкерлік оқытудан өтіп, грант алып жатыр. Осылай деген қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова бүгінде бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті.

«АӘК алушылар саны 2021 жылмен 2022 жылды салыстырмалы түрде алғанда 67,2 пайызға азайған. 2021 жылы 50 мың 563 отбасы болса, 2022 жылы 16 мың 595-ға азайған. Жалпы АӘК отбасыға тағайындалады. Оның мұқтаж, мұқтаж емес екендігі аудан әкімдігінің комиссия қорытындысы негізінде және базадан табыс көзі мен барлық дүние мүлкі есептеленіп, соған сай анықталады»,- деді Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.
Жауаптылардың сөзінше, кедейліктен шығу үшін ең бастысы-ниет пен бизнес жоспар болса жеткілікті. Мемлекет еңбегіңізді ескеріп, қайтарымсыз грант бөледі. 400 АЕК көлемінде, яғни 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражат кәсібіңізді дөңгелету үшін беріледі.

Previous Post

Түркістан : «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 5000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі