13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 5000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

6 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 5000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Қаратау ауданына қарасты орталық көшелердің бойына және көпқабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл туралы Қаратау ауданы әкімі РахымбердіМүлкеманов БАҚ өкілдерімен өткен кезекті брифингте атап өтті.

Брифинг барысында Қаратау ауданы аумағында алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстар қатарын баяндап, алдағы уақытта жоспарға қойылған негізгі жобалар жайында баяндады.

– Қаратау ауданының аумағы — 19 500 гектар, 190 мыңнан астам тұрғыны бар. Аудан аумағында 18 елді мекен, жалпы көшелер саны – 595, демалыс орындарының саны – 7. Биыл Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталған соң, аудан аумағындағы барлық елді мекендер толық сапалы ауыз сумен қамтылады.Елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші 90 пайызды құрайды. 2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 74 көше асфальтталады, – деді аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов.

Сондай-ақ, аудан әкімі ирригациялық арықтар, көшелерді абаттандыру, ономастикалық мәселелер жөнінде де атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Қосымша ақпар, Қаратау ауданында жыл соңына дейін аудан аумағындағы 240 орынға бейнебақылау камералары орнатылады деп жоспарланған. Одан бөлек, Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2022 жылы 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Ал, 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 21 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланған. Брифинг барысында аудан басшысығ инфрақұрылым бағытындағы мәселені шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды толық баяндады.

Previous Post

Шымкентте АӘК алушылар саны 67% азайған

Next Post

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 73 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі