13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті

6 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан : «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, «AMANAT»  партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының отырысы  өтті. «Жер аманаты» жобасы аясында ұйымдастырылған жиынға «AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев төрағалық етті.  Комиссияның бүгінгі отырысына Сауран ауданының әкімі Ғ.Үсенбаев және облыстық жер қатынастары  мен ауыл шаруашылық басқарма басшылары, жер ресурстарын басқару департаменті  басшысы, облыстық прокуратураның өкілі  қатысты. Бас қосуда Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев өткен жылы «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында атқарылған жұмыстарға есеп берді. Сауран ауданының жалпы аумағы 721,745 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 388 843 га. Оның ішінде : суармалы жерлер – 44 441 га болса, жайылым жер – 344 402 га құрайды.

-Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2022 жылға ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар: 126,9 га. Оның ішінде: 48,5 мың га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың га жер учаскесі меморандум арқылы қайтару жоспарланған.

Орындалуы: Мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың га жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың га жер учаскесіне шаруа қожалық иелерімен келісім-шарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 120,4 мың га жер учаскесін құрады. Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.

Алдағы уақытта мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары толығымен  аяқталған соң, әр ауылдық округ әкімдігінің меншігіне берілетін болады, — деді өз өзінде Ғалымжан Қарабайұлы.

Облыстық  жер  ресурстарын басқару департаменті  басшысының міндетін атқарушы Б.Досжанов және облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Тілеген  «Жер аманаты» комиссиясында Сауран ауданы бойынша бірқатар кемшіліктерге тоқталып өтті.

Сауран ауданы бойынша жайылым жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ИСЖ базаға мал басы тіркелмеген 358 жер иелеріне тиесілі 29 993 га жер телімі анықталған.  Осыған орай, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданған.

Жиынға қатысқан облыстық прокуратураның аға прокуроры  Н.Мықтыбаев  партиялық жоба аясында бірқатар заңдарға өзгерістер жасауға ұсыныстар берді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясыТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Радиациялық қауіптілік және алдын алу шаралары

Next Post

Шымкентте АӘК алушылар саны 67% азайған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі