13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

5 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов индустриалды аймақтардың инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша арнайы жиын өткізді. Басқосуда бизнеске қолайлы жағдай жасауда атқарылған жұмыстар баяндалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Қазір қаладағы «Жұлдыз», «Бозарық», «Тассай» индустриалды аймақтарына инфрақұрылым жүйелері тартылуда. Ауыз су, электр және табиғи газ, кәріз жүйелерінің құрылысы өндістік кестеге сай жүргізілуде. Сондай-ақ сауда логистикалық орталығының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда.

Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауда атқарылып жатқан шаралармен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға аймақтардағы жұмысты үйлестіру бойынша бірқатар тапсырма берді.
“Кәсіпорындар электр қуатын тиімді пайдалану қажет. Қолданылмайтын қуат көздеріне шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізіңіздер. Өндіріс орындарын аймақтарға шоғырландыруды жүйелі ұйымдастыру керек” – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларына теміржол тұйығын жүргізуді ұйымдастырып, құрылыс талаптарын бақылауды тапсырды. Қала әкімі екі аптадан кейін кесте бойынша индустриалды аймақтарды аралап, құрылыс барысын тексеретінін жеткізді.Шымкентте 5 индустриялды аймақ бар. Оның ішінде «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары, сауда-логистикалық орталығы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы дамуда, ал «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің агро-индустриялық аймағында құрылыс жұмыстары жалғасуда.

«Жұлдыз» индустриялық аймағы 2021 жылы құрылған. Ауданы 306 га. Аталған аймақта 3152 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба жүзеге асырылмақ. Жоспарға сай биыл 6 жоба іске қосылып, 450-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда.
Сондай-ақ 2022-2026 жылдар аралығында «Жұлдыз» индустриялық аймағынан 50 компанияның инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Осыған орай тағы 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН “БІР ТЕРЕЗЕ” ЖҰМЫСЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Next Post

Аким Шымкента провел очередной прием граждан

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі