13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН “БІР ТЕРЕЗЕ” ЖҰМЫСЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

5 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН “БІР ТЕРЕЗЕ” ЖҰМЫСЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жобасы дайын инвесторлар үшін жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағынан жер учаскесі беріледі. Мұндағы мақсат — қаладағы инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту.

Осыған орай әкімдік тарапынан айтарлықтай жұмыс жүргізілуде. Мысалы, 2021 жылы жалпы ауданы 306 га жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылса, 132 га аумақта тамақ өнеркәсібі үшін «Бозарық» индустриялы аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы жалғасуда. Ао «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағы 175 га, сауда-логистикалық орталығының аумағы 136 га кеңейтілуде.

«Оңтүстік» АЭА қызметінің басым түрлеріне (жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау) сәйкес келетін жобаны іске асыру үшін инвесторға мемлекет тарапынан келесідей қолдау шаралары ұсынылады:
• тегін жер телімі;

• дайын инфрақұрылым;

• корпоративтік табыс салығын, жер салығын және мүлік салығын төлеуден босату;

• АЭА аумағында өндірілетін тауарларға қосылған құн салығын төлеуден босату;

• шикізат және материалдар импортына қосылған құн салығын төлеуден босату;

• инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтарды, жинақтауыштарды, шикізат пен қосалқы бөлшектерді алып келу кезінде кедендік баждарды төлеуден босату;

• коммуналдық қызметтердің төмен құны.

Бұл тұрғыда 2020 жылдан бері «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі жұмыс істеп тұр. Мұнда «бір терезе» қағидаты әдісімен қызмет көрсетіледі. Осы арқылы бұл салада әкімшілік кедергілер азайып, кәсіпкерлерді сүйемелдеу мен кеңес беру артып отыр.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді.

Жалпы фронт-офис 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді: кеңес береді, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.

Фронт-офис қызметін бастағалы бері келесідей қызметтер көрсетілді:
— Консультациялар – 12 282;
— Жобаларды сүйемелдеу – 1 217;
— Маркетингтік қызметтер – 539;
— Тауашалық жобалар – 100;
— Аналитикалық зерттеулер – 14.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «Мобильді мұғалім» жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Next Post

ШЫМКЕНТ: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі