13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА ГАСТРОЛЬДІК ІССАПАРЫ БАСТАЛДЫ

3 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА ГАСТРОЛЬДІК ІССАПАРЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының Өзбекстан Республикасына «Шымкент шашу» гастрольдік іссапары басталды. Іссапар мақсаты — екі ел арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайту, қуыршақ жасау, қуыршақ өнерін дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру ,- дейді Ташкент қаласынан хабарласқан театрдың директоры Самат Алтай.

Гастольдік сапар театрдың 40 жылдық мерейтойы аясында қолға алынып отыр. Шымкенттік өнер майталмандарының сапары 3-8 сәуір аралығында Ташкент және 10-14 сәуір аралығында Самарқанд қалаларына жоспарланған.

— Алдымен өзбекстандық көрермен назарына Е.Локшинаның «Виини Пух» интерактивті ертегісі ұсынылып, қойылым әсіресе балаларға қуаныш сыйлады. Бұдан кейін Өзбекстан Мәдениет және өнер институты студенттеріне қуыршақ жүргізу бойынша ашық семинар ұйымдастырылды. Семинар салтанатты түрде ашылып, оған Өзбекстан Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің өкілі, Самарқанд қуыршақ театры, Қаттақорған театры мен Өзбекстан мәдениет және өнер институтының студенттері және қуыршақ театры майталмандары қатысты,- деді Самат Алтай.

Бүгінде, Шымкент қаласы елімізде республикалық маңызы бар қала атанған жылдан бастап мәдениет саласында айтарлықтай өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде қуыршақ театры да көкжиегін кеңейтті, заман талабына сай жаңғырып, балғындар мен жасөспірімдердің саф өнермен сусындауына өзіндік үлес қосып келеді.Мекеменің тарихына шегініс жасасақ, 1983 жылы Шымқала тұрғындары 400 мыңнан асыпты. «Мұндай қалаға балалар үшін қуыршақ театры қажет» деп Асанбай Асқаровтай аптал азаматтың қолдауымен сол жылы «Облыстық қуыршақ театры» құрылған. 2007-2008 жылдары құрылымы облыстық қуыршақ және жасөспірімдер театыры болып өзгергенімен жасөспірімдерге арнайы штат қаралмағандықтан жабылған. 2018 жылы қаламыздың тарихындағы өзгерістерден кейін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры болып қайта тіркелді. Жасөспірімдер бағытында сеңнің қозғалғаны 2021 жылы ғана. Сол уақытқа дейін мамандардың жетіспеуінен әртістеріміз түске дейін қуыршақ, түстен кейін жасөспірімдер бағытындағы қойылымдарда еңбек етіп жүрді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕР ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖАС ОҚЫРМАНДАРҒА РУХАНИ АЗЫҚ БЕРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі