13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕР ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

3 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕР ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте цифрландыру шарасы жүйелі түрде іске асып келеді. Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру.Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу айрықша маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуге тиіспіз. Сонымен бірге, отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу де маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет. Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуге тиіс»,- деген болатын.

Қазақстан темір жолы цифрландыру бағытына түбегейлі бет бұруы керек. Бүгінде әлемнің алпауыт елдері жүргек пойызды машинистсіз басқару жүйесіне көшкен. Сала мамандары біздің ел де қашықтан басқару жүйесін қолға алау керек дегенді алға тартады. Алайда кедергілер де жоқ емес. Ол үшін шойын жолдарды түбегейлі ауыстыру керек екен.

Теміржолшылар жолаушылардың жағдайын назарын тыс қалдырмайды. Оларға ыңғайлы болу үшін жаңа мобильді қосымша әзірлеп шығарды. Мұндағы мақсат пойызбен қатынайтындарға қолайлы жағдай жасау. Ал, теміржол саласындағы жаңашылдық көптің көңілінен шыққан. Болашақ теміржолшы Диана Құдайбергенова осылай дейді. Айтуынша арнайы қосымшаны өзі де жиі қолданатын көрінеді.

Егер пойыздары қашықтан басқарылса бұл жолаушылар үшін тиімді болмақ. Жобаны жүзеге асыру үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессорлары арнайы шетел асып, сала мамандарымен тәжірбие алмасып қайтыпты. Ондағы мақсат қашықтан басқарылатын пойыздардың жай-күйімен танысу. Европада пойыздар сағатына 250-300 шақырым жол жүрсе, біздегі жүргек пойыздар 180 шақырым ғана жүре алады екен.

Айта өтейік, профессор пойызды қашықтан басқару жүйесін қолға алу үшін алдымен шойын жолды толығымен ауыстыру керек дейді. Себебі еліміздегі темір жолдар жоғары жылдамдыққпен жүйіткитін пойызға арналмаған.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ ШАПАҒАТЫ» ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНҒА ГАСТРОЛЬДІК ІССАПАРЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі