13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ ШАПАҒАТЫ» ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

3 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ ШАПАҒАТЫ» ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде екі күнге созылған «Болашақ» пікірсайыс орталығының 10 жылдығына арналған «Көктем шапағаты» республикалық дәстүрлі пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.

Турнирдің мақсаты- Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын жастарға насихаттау, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу, университет имиджін көтеру, басқа жоғары оқу орындарымен байланыс орнату болатын.

Пікірсайысқа Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облысы мен Шымкент, Алматы, Астана қалаларынан және Түркия мемлекетінен жалпы 128 пікірсайысшы бақ сынасты.
Пікірсайыс жастардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйретеді. Сонымен қатар жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді.

Ашық пікірсайыс турнирінің мақсаты жастар қатарынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету, нақты мәселелерді шешу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, патриотизмді дамыту жұмыстарын кеңінен насихаттау.

Турнир дәстүрлі жоғары студенттер лигасы және 1 курс студенттерінен құралған жастар лигасы арасында өтті.

Сонымен қатар, биыл республикалық турнирде алғаш рет мектеп лигасы қатысты. Оған 40 фракциядан — 80 оқушы сайысқа түсті.

Тартысты турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйақы мен қазақ тіліндегі үздік кітаптар сыйға берілді.

Анықталғанындай, жеңімпаздар арасында шымкенттік Арғынбай Рахат пен Қызырхан Шыңғар бар. Ал мектеп лигасы арасында шымкенттік оқушылар үздік атанды. Олар барлық жүлделі орынға ие болды.
Ал турнир дің Ең үздік спикері — Түркістан қаласы, ХҚТУ студенті Сапарқұл Жансая атанды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТ: СТУДЕНТТЕР ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі