13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинет қызмет көрсетеді

30 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинет қызмет көрсетеді
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалалық білім басқармасы тарапынан бұл салада бірнеше бағытта іс-шаралар қолға алынған.

Атап айтқанда, «2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасының» жоспарына сәйкес, қыркүйек айында психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес және бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинеті қызмет көрсетуде.

Бұдан бөлек, қалада ерекше күтімді қажет ететін балаларды қоғамға тартып, олардың арасында дарынды жандарға қолдау көрсетуде түрлі мәдени іс-шаралар өтіп тұрады. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында қалалық «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Шексіз шығармашылық» байқауы ұйымдастырылды. «Тең мүмкіндіктер әлемі» «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Өнерліге нұр жауар», «Juldyzai» республикалық балалар шығармашылық фестиваліне талапты өрендер қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Мамандардың сөзінше, ресурстық кабинет ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне бейімдеп, оларға қолайлы жағдай жасау үшін қажет. Ресурстық кабинеттің жұмысы, сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектепке бейімдеудің әдіснамалық тәсілдерін әзірлеуге және сынауға бағытталатын болады. Инклюзивті білім беру әлеуметтік бейімделу және интеграциялау жолдары арқылы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды олардың физикалық, интеллектуалдық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру ортасына қосуды қамтамасыз етеді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АЙНАЛМА ЖОЛ МАМЫРДА АЯҚТАЛАДЫ

Next Post

Дерматомикоз ауруының алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі