13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дерматомикоз ауруының алдын алу

30 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Дерматомикоз ауруының алдын алу

​Burn Injuries: Treatment and Tips

21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

    Түркістан облысында 2 айда жалпы жұқпалы-тері инфекцияларының ішінде 249-жағдай дерматомикоз ауруына тиесілі болып отыр.  Онын ішінде микроспориямен сырқаттанушылықтың 1,5 есе өсуі байқалады.

100 мың х.ш.к. 12,1 құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 12 жағдайға (237 жағдай, 100 мың х.ш.к. 11,7) көбейгендігі белгілі болды.

Дерматомикоз  — паразитарлық ауру, «дерматофит» саңырауқұлақтарымен шақырылады. Саңырауқұлақтар дененің тегіс терісін, бас терісін, тырнақ, шап аймағының терісін, аяқтың өкше бөлігін, бет терісін зақымдайды. Дерматомикоз қоздырғыштары қалыптаспаған саңырауқұлақ түрлеріне жатады.  Кейбір дерматофиттер тек адамда ғана, кейбіреуі — адам мен жануарларда, кейбірі жерде болады.

Инфекция көзі ретінде ауру адамдар, үй жануарлары болып табылады. Аурулардан дерматофиттер сау адамдарға бас киім, монша немесе шаштараздың керек — жабдықтары арқылы жұғады.

Алдын алу:

Ең алдымен санитариялық-эпидемиологиялық гигиена талаптарын сақтау керек.  Иесі белгісіз иттер мен мысықтармен жанаспау. Үй жануарларын ұстағаннан кейін қолды сабындап жуу. Теріде қызару, қабыршақтану, шаштың түсуі және сыну белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу.  Үйде ем алып жатқан балалар басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына, сонымен бірге монша, бассейн және шаштараздарға баруына болмайды. Айналасындағы адамдардан оқшаулау мақсатында науқасқа жеке бөлме берілуі керек. Науқас жеке төсек орынмен, күту заттарымен (тарақ, сабын, жөке, кеуек, киім тазалайтын масуақ, жуынуға арналған шылапшын, қайшы, шұлық, аяқ киім) қамтамасыз етілуі тиіс. Науқастың сыртқы киімі, бас киімі және тағы басқа заттары сау адамдардың киімдерінен бөлек орналасуы керек. Бөлмеде тез жуылатын, залалсыздандыруға төзімді заттар болуы керек. Санитарлық-эпидемиологиялық сарапатама орталықтарының залалсыздандыру бөлімшелерінің дәрігерлердің өтінімдері бойынша науқасты оқшалау сәтінен бастап барлық микроспория, трихофития ошақтарында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Б. Елемесов Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

 

Previous Post

ШЫМКЕНТ: А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинет қызмет көрсетеді

Next Post

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі