13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АЙНАЛМА ЖОЛ МАМЫРДА АЯҚТАЛАДЫ

29 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АЙНАЛМА ЖОЛ МАМЫРДА АЯҚТАЛАДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте айналма жолдар салынып, соның салдарынан көлік кептелісі азаюда. Қазір Бәйдібек би мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы қызу жүріп жатыр. Жоба үш кезеңге бөлінген. Алғашқысы бойынша — Арғынбеков көшесінің құрылысы мамыр айында аяқталып, қолданысқа берілмек.

Айналма жолдың айналасында қазір құрылыс жұмыстары қызып тұр. Жобаның жалпы құны- 12,8 млрд. Теңге. Мердігерлер соның 8,5 млрдын игеріп қойыпты. Ең негізгі сұлба көпір салынып қойды. Енді асфальт асты топырақты нығыздау жұмысы жүріп жатыр.

Нысан құрылысы үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы мамырда, екіншісі – шілдеде, үшіншісі – қыркүйекте қолданысқа беріледі. Үшінші қабаттағы Бәйдібек биге апарар көпірдің ұзындығы 700, Ені -25 метр. Ал, Арғынбеков көшесіндегі тоннелдің ұзындығы – 921 метр. Құрылыс материалдары толығымен отандық өнім.
Топырақтың нығыздығы, бетон сапасы арнайы зертханада қатаң тексерістен өтеді. Сападан ши шықса, қабылданбайды. Кері қайтарылады. Жалпы, биыл Шымкентте 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл -253 көше жөндеу көреді деген сөз.

Жол саласына қатысты тағы бір ақпар. Ел аумағында ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр. Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 94 арнайы камера орнаттық. Қазір соның 33-і іске қосылды. Жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан болады. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен бірлесе жолдардың бойында тиісті құрылғыларды орнату жұмыстарын қолға алдық. Астана мен Бурабай аралығында осындай камералар іске қосылған. Осы орайда автокөлікпен тым қатты жүргендерге айыппұл салынып жатыр», – делінген комитет басшысының хабарламасында. Оның айтуынша, автобанда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Алайда кейбір жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді.

Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдың 11 мың шақырымы ақылы болады. Осы жолдарда аталған Сергек камералары іске қосалады. Бұл құрылғылар 2030 жылға дейін орнатылмақ.

Previous Post

ШЫМКЕНТТІҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 2 ЖЫЛДА 2,6 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫНАН АСТЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинет қызмет көрсетеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі