Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан лицензиялау бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Атап айтқанда, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру қызметтері толық электронды түрде көрсетіліп жатыр.
Өткен жылы басқармадан жаңа 48 лицензия беріліп, 123 лицензия қайта рәсімделген. Ал биыл жыл басынан жаңадан 3 лицензия беріліп, 23 лицензия қайта рәсімделді.
Лицензиаттар белгіленген талаптарға сай келмейтіндігі анықталған жағдайда, яғни заң бұзушылықтарға жол берген болса, құқық бұзушылық ҚР ӘҚБК-ның 464 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Яғни, лицензиаттың санатына байланысты белгіленген айыппұл салынып, лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылады.
Ал егер, осындай заң бұзушылық 12 айдың ішінде қайталанса, лицензиаттың санатына байланысты белгіленген айыппұл салынып (100-300 АЕК аралығында), лицензиясын айыру шаралар жүргізіледі.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қалалық мемлекеттік архивіндегі құжаттарда цифрландырылып жатыр. Енді архивті шаң баспайды. Ал бұл мекеме жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда мекеменің қорында 191 967 сақтау бірлігі (шамамен 32 млн парақ құжат) сақталуда. Оның 7752-і басқарушылық құжат, 183 883-і жеке құрам құжаты, 95-і жеке тектік құжат, фотоқұжаттар жән 34 бейнеқұжат бар. Аталған құжаттар кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша бірінші кезекте тұрақты сақталатын және жиі сұранысқа ие болатын құжаттар цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған.
Биыл мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 576 000 парақ құжат жоспарланып, жыл басынан бері архивтік құжаттардың 129 782 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген.