13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру мақсатында арнайы жиын өткізді. Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармалары мен мердігерлердің қатысуымен өткен басқосуда қала аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны жақсартып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды. Бұл ретте мердігерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ қала әкімі мердігерлерге қолданысқа берілген тұрғын үйлердің ақауларын тез арада қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Басқарма басшыларына әрбір нысанды қабылдауда тиісті талаптардың сақталғанын қатаң қадағалап, сапассыздыққа жол бермеу қажеттігін ескертті.

Айта кетсек, биыл Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы саны 2833 пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде 1621 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несиелік бағытта үлестіріледі. Бұл тұрғын үйлер «2-10-20 Бақытты отбасы» «5-10-20 Шаңырақ» және «5-20-25» несиелік бағдарламалары бойынша «Отбасы банк» арқылы тапсырылады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар қатыса алады. Осы жылы аталған бағдарламамен 474 отбасыға пәтер кілті табысталады. Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез-келген азаматтың өтінім беру мүмкіндігі бар. Биыл осы бағдарлама арқылы 71 отбасы пәтерлі болмақ.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 250 ЖАҢА АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі