13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 250 ЖАҢА АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

24 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ  250 ЖАҢА АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының орталық көшелеріне ағымдағы жылы заманауи үлгідегі жаңа 250 аялдама павильонын орнату жоспарланып отыр.

Жаңа типтегі шыны барлық аялдамалар жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады деп күтілуде. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат, елді мекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру болып саналады.

Сала мамандары аялдамалардың ұзақ сақталып, шаһар көркін кіргізіп тұруы — сапасына ғана емес, қала тұрғындарының істелінген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, орындықтарды сындырмай, тұрған орнын бүлдірмей таза ұстауына да байланысты екенін айтады. Себебі шаһарда вандализм әрекеті тыйылмай тұрғаны рас.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны бар, қалғанына аялдама белгілері орнатылған.

Бұл салаға қатысты тағы бір ақпар. Қазіргі уақытта №35 бағыттағы қоғамдық көліктерге аялдама атауларын электрон түрде хабарлау жүйесі енгізілді. Келесі кезекте дыбыстық жүйені №74, №12, №84 және №27 бағыттардағы автобустарға орнату үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жуырда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары қаладағы 700 аялдаманың атауларын жүйелендіру мақсатында талдау жұмыстарын жүргізген. Қазақ тіліндегі атаулардың арнайы кітапшалары жүргізушілерге таратылған еді. Тасымалдаушы компаниялардан қаладағы аялдама атауларын қазақша хабарлау талап етіліп отыр. Айта кетейік, күн сайын мегаполисте 900-ге жуық автобус 77 бағытта жолаушыларды тасымалдайды. Қазір 10 көлік компаниясы қызмет көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, жолаушылар жолақысын электронды түрде төлеу шарт. Бүгінде қоғамдық көліктерде мүлде кондукторлар қызмет көрсетпейді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҚЫСТАРДЫ СҰРЫПТАЙТЫН ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі