13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛСАТЫЛАРДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ

24 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛСАТЫЛАРДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа реформасы – Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе Жай серіктестіктер (ЖС) құрылуда. Жүйенің басты артықшылығы – кондоминиум нысандарын басқару органына меншік иелерінің тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, басқару органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформаларды іске асыру бойынша қала әкімдігі тарапынан жобалық кеңсе іске қосылып, медиа жоспар және жол картасы бекітілген.Басқарудың талаптарына сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлерге тиесілі лифт қондырғылары тұрғындардың ортақ мүлкі болып есептеледі. Оларды күтіп ұстау тікелей міндетті болып табылады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында жалпы лифтілер саны – 701. Оның ішінде тұрғын үйлерде орнатылған лифттер саны – 561.

ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан 140 лифтке комиссиялық сынақ өткізіліп, 34 лифт тіркеуге қойылды. Бүгінгі таңда жүк көтергіш құралдарын тіркеу мемлекеттік қызмет реестріне енгізіліп, электронды түрде «Egov.kz» порталына қосылған. Қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалау қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жүктеле отырып, бұл жұмыс жүйелі тәртіппен жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһардағы барлық ауданда тұрғын үйдің жаңа реформасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пәтер саны 16-дан асатын көп пәтерлі үйлерде пәтер иелері кондоминиумды басқару нысандарының бірін таңдауы керек. Тұрғын үйге ортақ қажеттіліктер үшін коммуналдық қызметтер көрсету шарттарын тек МИБ-нің төрағаларымен, ЖС-нің сенімді тұлғаларымен немесе басқарушы компаниялармен жасасады. Яғни, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа түрін таңдау болмаған жағдайда, көппәтерлі үйлер әдеттегі қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларынсыз қалу қаупі бар. Сол себептен де тұрғындар жаңа тиімді басқару жүйесіне көшу қажет.

Previous Post

ШЕТ ЕЛМЕН БАУЫРЛАСТЫҚ ШЫМКЕНТТІҢ ІСКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: 14 жоба бойынша меморандумға қол қойылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі