13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»: Шымкентте жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр

18 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»: Шымкентте жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірлік теңсіздік проблемасы бүкіл әлемге тән жайт. Яғни қай елді алып қарасақ та, шешімін таппаған мәселелері баршылық. Аталған мәселе біздің елімізде де бар. Алайда, осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы ретте еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкентте де шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Атап айтар болсақ, халықты сапалы ауызсумен қамту, тұрғын үй мәселесі, жолдардың сапасы сынды кезек күттірмейтін мәселелер бар. Осындай шешілмеген аталған мәселелер негізінде өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Аталған жоба тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған. Яғни осы бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін нақты жоспарлар бекітіліп, кезең-кезеңімен шешімін табады деп күтілуде. 5 жылдық жоспар базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу және көлік байланысын қамтамасыз ету атты екі бағыттан тұрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты жолдауында айтқандай, «қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек». Жасыратыны жоқ, елімізде көп мәселелерді қағаз жүзінде қатырып-тындырып, ал іске келгенде ақсап тұрған жайттар аз емес. Солардың ішінде өзекті әрі кезек күттірмейтін мәселелер де жетерлік. Атап айтар болсақ, халықты сапалы ауызсумен қамту, тұрғын үй мәселесі, жолдардың сапасы сынды шешімін таппаған мәселелер өте көп. Осы аталған мәселелер негізінде өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Аталған жоба тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған.

Жобаға сәйкес, қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр, дейді мамандар.
Ұлттық жобаның кезекті бағыты қаламыздағы өзекті мәселенің бірі тұрғын үй саласына арналған. Бүгінде тұрғын үй мәселесі шешімін таппаған маңызды проблемалар қатарына жатады.

Жалпы 2022 жылы 1605 үй сатып алу құқығынсыз жалға берілген. Оның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға — 54, көпбалалы отбасыларға — 476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына — 218, жұмыс істейтін жастарға – 857 пәтер берілді.

Бұдан бөлек, кредиттік тұрғын үй бағыттары бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «5-20-25» және «7-20-25» жеңілдетілген несиелік бағыттары арқылы 2096 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласына 260 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге лимит бөлінген. Ұлттық жоба аясында көтерілген кезекті мәселенің бірі — жұмыс істеп жүрген жастарды баспанамен қамту болатын. Бұл Шымқала жастары үшін бұл таптырмас мүмкіндік десек артық айтпаған болар едік. Өз кезегінде пәтер жалдау бағасын көп жастардың қалтасы көтере бермейді.

Previous Post

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ 5G СТАНЦИЯЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі