13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

19 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Алғашқылардың бірі болып Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде орналасқан №89 сайлау учаскесіне жеттік. Мұнда сайлау таңғы сағат 6.00-де басталды.

— Қазақстан Республикасының әрбір азаматы саяси науқанға қатысып, белсенділік танытуы тиіс. Себебі, біздің таңдауымыз — біздің болашағымыздың бағдары. 6506 әскери бөлімінде еліміздің әр өңірінен келіп, әскери борышын өтеп жүрген 764 сарбаз бар. Біз жабық сайлау учаскесі болғандықтан мұнда тек сарбаздар ғана дауыс беруге қатыса алады. Ал, офицерлік құрам мен әскери қызметкерлер өздерінің тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлау учаскесіне барып, отбасы мүшелерімен бірге өз таңдауларын жасамақ, — дейді №89 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы, 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, подполковник Ернар Әшірбеков.

Ал, қатардағы жауынгері Елдос Жүнісов «Сайлауда әрбір қазақстандықтың даусы маңызды. Сондықтан алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Мен Қазақстанның келешегі жарқын болғанын қалаймын», — дейді ол.

Ернар Абдуалыұлының айтуынша, әскери бөлімдегі сайлаушыларға бір ғана бюллетень беріледі. Онда ҚР Парламенті мәжілісіне партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар тізімі ғана болады. Яғни, сарбаздар жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлерге дауыс бермейді.

Previous Post

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»: Шымкентте жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕН АРДАГЕРГЕ СЫЙЛЫҚ БЕРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі