13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ 5G СТАНЦИЯЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

18 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ 5G СТАНЦИЯЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологияны қолдану – бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті. Бұл істе түбегейлі өзгерістер қажет. Барлық құжат айналымын толықтай электронды форматқа көшіру керек. Қазіргі кезде талап ететіндей, құжаттарды қағаз жүзінде де, электронды түрде де дайындап, тапсыру дұрыс емес. Құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынуы керек». Бұл Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңесінде берген тапсырмасы. Сондай-ақ, Президент интернеттің жоқтығын немесе оның баяу жұмыс істейтінін айта келіп, қала мен ауыл тұрғындары арасында «цифрландыру алшақтығы» бар екенін атап өтті.

– Бұл жәй ғана алшақтық емес, әлеуметтік теңсіздік. Сондықтан Үкімет «цифрлық алшақтықты» реттеу жұмыстарын жандандыруы қажет, – деген болатын Қ.Тоқаев.
Президент тапсырмасы жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.

Өткен жылдың өзінде мобильді операторлармен бірлесе қаладан шалғай орналасқан 14 елді мекенге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнатылған болатын.
Қойылған құрылғылар арқылы 71 мыңға жуық қала тұрғынына сапалы интернет желісі қолжетімді болды. Олар: Асар, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Ақтас және Ақжайық шағынаудандары.

Ал, биыл мобильді операторларымен бірлесе интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату көзделіп, қазір келісім жүргізіліп жатыр.
Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, жуырда шаһар орталығына 5G технологиясымен 10 базалық станция орнатылмақ. Қазіргі сәтте станция қойылатын нүктелер анықталып, құрылғылар орнатылуда.
Алдағы екі айда монтаж жұмысы аяқталып, жоғары жылдамдықтағы интернет іске қосылады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

Next Post

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»: Шымкентте жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі