13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте автобус жүргізушілерінің жалақысы артады

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте автобус жүргізушілерінің жалақысы артады
Share on FacebookShare on Twitter

Автобус жүргізушілерінің жалақысы көтеріледі. Шымкентте «кондукторсыз жүйе» енгізілгеннен кейін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысы қиындады. Сондықтан, қалалық транспорт басқармасы наурыз айының жалақысын кемінде 50 пайыздан жоғары көтеруді жоспарлап отыр.

Бұл шешім көлік компанияларымен бірге келісілген. Демек, бұған дейін айына шамамен 160-170 мың теңгеге қызмет көрсетіп келген жүргізушілер сәуір айында 240 мың теңгеден жоғары айлық алатын болады.
«Жалақысы міндетті түрде көтеріледі. Қазір осы мәселе қаралып жатыр. Нақты қандай суммаға көтерілетіні жөнінде әрбір жұмыс берушілермен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Көтерілетіні айдан анық. Біз кемінде 50 пайыздан жоғары болады деп отырмыз. Бірақ одан да көп болуы мүмкін. Жүйе бірінші наурыздан енгізілді. Жүргізушілер наурыз айының айлығын сәуірде алады, сол кезде бірден осы көтерілген жалақысы түседі»,- деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев.

Сондай-ақ, жолаушыларды хабарландырып отыратын кондуктор болмауына байланысты, автобустарда аудихабарлама орнату да қолға алынған. Қазірдің өзінде 100-ге жуық көлікте аялдамаларды айтып отыратын арнайы құрылғы қарастырылған. Алдағы уақытта барлық автобусты осындай құралмен қамту жоспарланып отыр. Әлеуметтің әлеуеттік-экономикалық жағдайын жақсарту жолындағы бір қадам болмақ.
«35, 27, 12, 84, 74. Осы 5 маршрутқа қызмет көрсетіп жатқан 12 метрлік автобустарда аудиохабарлама жасау мүмкіндігі қаралаған. Бірінші 35-ке енгізген. Қалғандарына осы 1-2 ай көлемінде толық іске қосылады. Ал қаладағы өзге маршруттарға мұндай аудиохабрлама жасау үшін көп қаржы қажет екен», — деп ойын қорытындылады Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев.

Previous Post

Шымкент өнімдері «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесінде сатылуда

Next Post

Шымкенттегі тұрғын үйлер 7-8 баллдық жер сілкінісіне ыңғайластырылған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі