13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент өнімдері «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесінде сатылуда

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент өнімдері «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесінде сатылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Жергілікті агрокәсіпорын өнімдері Доха қаласында өтіп жатқан «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесіне қойылды. Наурыздың 19-на дейін жалғасатын халықаралық шараға әлемнің 52 елінен делегациялар шақырылған.

Агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестиция тарту, ауылшаруашылығы тауар, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуеті мен ғылыми мүмкіндіктерін арттыру, 60-тан астам мемлекетпен ынтымақтастық орнату, жаңа инновациялар мен технологияларды енгізу бағытында өтетін көрмеге шымкенттік кәсіпкерлер де қызығушылық танытып, өз өнімдерін көрмеге қойып саудалауды жөн санады. Яғни, жергілікті агроөнеркәсіпорын өнімдері халықаралық көрмесіне қойылды. Кең ауқымды шараға әлемнің 52 елінен делегациялар шақырылған. Шымкент тауарларына арнайы бөлінген «Ontustik onim» павильонында ет, сүт, ұн өнімдерімен қатар, сусындар, консервілер, көкөністер мен жеміс-жидектер саудалануда. Шетелдіктер әсіресе, бал, джем, сыр өнімдеріне қызығушылық танытып, жаппай сатып алуда.
Шымкенттік делегация шет мемлекеттермен әріптестік байланысты нығайту, қаланың экспорттық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында мегаполистің агро саласындағы мүмкіндіктерін таныстыруда.

Еске салсақ, жыл басында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Катардың авиация билігінің президенті Мохамед Фалех әл-Хаджри және Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румейхимен келіссөз жүргізген еді.

Кездесуде тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, оның ішінде: Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту, авиация мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, Қазақстанға Катардан инвестиция тарту мәселесі бар.

«Бүгінгі таңда Qatar Airways әуе компаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындайды. Катар тарапының мәліметі бойынша Qatar Airways Нұр-Сұлтан мен Доха қалалары арасында рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр», — деп атап өткен болатын индустрия министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тараптар Қазақстанның азаматтық авиация саласының өкілдерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы келісімге келгені аталып өтті. Сонымен қатар осы жылдың 27 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында өтетін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының алдағы 41-сессиясының мәселелері қозғалған-ды.

Previous Post

Шымкентте "кондукторсыз жүйе" іске қосылғалы тасымалдаушы компанияның кірісі артқан

Next Post

Шымкентте автобус жүргізушілерінің жалақысы артады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі