13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «кондукторсыз жүйе» іске қосылғалы тасымалдаушы компанияның кірісі артқан

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте  «кондукторсыз жүйе» іске қосылғалы тасымалдаушы компанияның кірісі артқан
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте наурыз айынан бастап автобустар кондукторсыз қызмет көрсете бастады. Алғашында, тексеру қызметінің мамандары жолаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алайда қазірден бастап жолақысын төлемеген азаматтарға полиция департаменті айыппұл салады. Мәселен, бүгінге дейін 200 мыңға жуық айыппұл өндірілген.
Шымкентте автобустар 2 аптадан бері кондукторсыз қызмет көрсетуде. Бірақ жолаушылар әлі де бұл жүйеге үйренісе алмай жатқан көрінеді. Басым бөлігі қоғамдық көлікте жүргізушіге көмекші қажет дейді. Тіпті, жүргізушілердің өзі бұл жүйенің қиындық тудырып жатқанын айтады.
Ал тексерушілер әзірге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Айтуларынша, алғашқы күнге қарағанда жаңа жүйеге халықтың бойы үйрене бастаған. Автобусқа мінген мезетте өздері жолақысын төлеуге бейімделіп келе жатыр дейді. Бірақ арасында ереже бұзушылар да кездесетінін жасырмады.
«Кірген кезде бірден түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Одан кейін барлығының карталарымен тексереміз. Егер төлеген болса төленді дейді, болмаса «спасибо» деп шығады. Бір кісілер түсінбеушілік танытып жатыр. Бірақ біз барынша ескертеміз»,- деді тексеруші Ғалия Әлімбет.
Дегенмен қазір жолақысын төлемеген азаматтардың 1 пайызына айыппұл салынған. Өйткені, халықты жаңа жүйе туралы ақпаратпен құлақтандыруға көп көңіл бөлініп жатыр. Жауаптылардың мәліметінше, наурыз айының басынан бастап 30 адамнан 200 мың теңгеге жуық қаржы өндіріліпті. Бірақ алдағы уақытта полиция депратаментінімен тығыз қарым-қатынаста болып, заңбұзушылықтарға шара көру жұмыстары жіті қолға алынбақ.
Транспорт басқармасының басшысы Мұқтар Қоқанбаевтың сөзінше, кондукторсыз жүйе мердігер компанияларға тиімді. Өйткені, бұған дейін әлдекімнің қалтасына кеткен қаржы қазір тікелей компания қазынасына түсіп жатыр дейді. Нәтижесінде, кіріс артқан.
«Қазір көріп отырмыз күнделікті транзакцияның саны кей күндері 26 пайыз, кей күндері 56 пайызға дейін өскен күндері болды. Теңгемен санағанда күнделікті 5 млн. теңге. Яғни, бұған дейін автопарткердің кірісі 18-19 млн болатын болса, осы кондукторсыз жүйені енгізгеннен кейін кірісі шамамаен 24-25 млн теңгеге жетті»,-деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда 100-ден астам тексеру қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Ал жалпы қалада 1000-ға жуық қоғамдық көлік қатынайды.

Previous Post

Әскери қызметшілер арасында қазақша күрестен турнир өтті

Next Post

Шымкент өнімдері «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесінде сатылуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі