13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери қызметшілер арасында қазақша күрестен турнир өтті

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Әскери қызметшілер арасында қазақша күрестен турнир өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Механикаландырылған бригаданың спорт кешенінде қазақша күрестен турнир өтті. Онда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінен 32 палуан «Оңтүстік барысы» атағы және қазақ күресінен Қарулы Күштер чемпионатына жолдама үшін күреске шықты.  Жарыс 80 келіге дейінгі және одан жоғары екі салмақ дәрежесінде өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша 80 килограмнан астам салмақ дәрежесінде 03811 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Ертуған Төрелов, ал 85395 әскери бөлімінің намысын қорғаған лейтенант Айбек Солтанханов жеңіл салмақта жеңімпаз атанды.

Ал үздік тәсіл жасағап және танытқан мәрттігі үшін 75263 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт бастығы аға лейтенант Диас Габдулла жеке грамотамен марапатталды, ол үшінші орын үшін финалда 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Алишер Секенге өз еркімен жеңісін сыйлады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Мадьяр Бабаханов атап өткендей, жарыс пен барлық қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды.

— Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін сайыстар өңірлік қолбасшылықтың чемпионаттарында үлкен қарқын алуда. Жарысқа қатысушылардың саны ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілердің шеберлік деңгейі де артып келеді. Өскелең ұрпақ күрестің бұл түріне қызығушылық танытып отыр, — деп толықтырды майор Мадьяр Бабаханов.

Айта кетсек, турнир жеңімпазы Қазақ күресінен – «Әскер Барысы» Қарулы Күштер чемпионатына жолдама иегері атанды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкент: "Көрісу күнін" Жас ұландықтар да атап өтті

Next Post

Шымкентте "кондукторсыз жүйе" іске қосылғалы тасымалдаушы компанияның кірісі артқан

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі