Шымкентте тұрғын үй құрылысының үлесі артқан. Бұл туралы қаланың бас құрылысшысы мәлімдеді. Сөзінше, алдағы уақытта халықты баспанамен қамту мақсатында тек бюджет есебінен ғана емес, жеке инвесторлар тарапынан да үйлер салынады.
Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлер 7-8 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының басшысы мәлімдеді. Айтуынша, тәуелсіздік жылдарынан бастап салынған үйлер арнайы сейсмикалық жағдайға ыңғайластырылған. Мәселен, қаладағы әкімшілік іскерлік орталығы 7 баллдық, Шымсити мен Тұран мөлтекауданындағы үйлер 8 баллдық сер сілкінісінде міз бақпай тұра алады екен.
Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың сөзінше, мамандар бюджет есебінен іске асырылатын үйлерге жауапты болғаннан кейін , іске асырылған 7 мың үй 7-8 баллдық жер сілкінісіне толығымен жауап береді деген қорытындыны алға тартуда. Себебі жобалық сметалық құжаттамалар әзірленген кезде бұл үйлердің проекті сейсмикаға қарсы, санэпид жағдайларға қарсы талдау жұмыстары жүргізілгне. Мәселен 8 баллмен 7 баллдағы үйлердің айырмашылығы бұл конструкциясында күшейтілген форматта жүргізіледі екен.
Дегенмен қаланың бас құрылысшысы салынып жатқан тұрғын үйлерде кемшілік те бар екенін жасырмады. Қазір басқарма басшысы әр ай сайын тұрғындармен бірге тексеріс жүргізуді қолға алыпты. Өйткені, өткен жылы сапасыз жұмыс атқарған мердігерлерге 240 млн. теңге айыппұл салынып, кепілдік шартын орындамаған7 компанияға шара көрілген. Тіпті оның үшеуі қара тізімге еніпті. Талап бойынша, үйден 5 жыл ішінде ақау табылса, оны мердігер мекеме өз есебінен қалыпқа келтіруі қажет.
«Былтырғы жылдың жаз айларынан бастап тапсырған 1200 – ге жуық пәтерде кемшіілк анықталған. Терезеден су өту, жертөлеге су кіру, шатырдан су өту деген сияқты мәселелер орын алған. Осы 1200 пәтердің 1170-і толығымен орындалып отыр. Орындалған кезде біз барып істедік, болды бітті деген емес. Тұрғын үйдің иесі, мердігер компания, басқарма өкілдерімен тиісті акт түзіліп, кемшілік толығымен орындалады»,-деді Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов.
Құрылыс басқармасы бұған дейін «енді үй салмаймыз, тек жеке инвесторлардан сатып аламыз» деген жоспарын айтқан еді. Биылдан бастап бұл жоба жүзеге асырыла бастайды. Мәселен, 2023 жылы 1405 пәтерді сатып алу жоспарланып отыр. Оның 900-і жұмыс істеп жүрген жастарға, ал қалғаны кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Айта кетейік, қазір қала бойынша 170 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Ал арендалық баспана алуға үміттілердің қатары 50 мыңға жуықтады. Құрылыс басқармасының басшысы бұл цифрлар кезең-кезеңімен азаяды дейді. Өйткені соңғы жылдары қалада тұрғын үй құрылысының үлесі артқан. Бұдан үш жыл алдынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе өсім бар. Мәселен, 2020 жылы 649 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, биылғы жоспар 1 млн. 73 мың шаршы метрді құрайды.