13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте туберкулездің алдын алу бойынша 24 ақпанда басталған іс-шара айлығы 24 наурызға дейін жалғасады. Биыл дертпен күрес «Біз туберкулезді жеңеміз!» деген ұранмен өтіп жатыр. Осыған орай, бүгін Шымкент қалалық №13 емхана дәрігерлері мен Абай аудандық санитариялық эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мамандары бірлесіп, профилактикалық шара ұйымдастырды.

Шара аясында салаға жауапты мамандар емхана пациенттері мен қала тұрғындарына туберкулез жайында кеңінен түсіндіріп, профилактикалық шаралардың маңыздылығын атап өтті. Абай аудандық санитариялық эпидемиялогиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Сәрсенбаевтың айтуынша, шаһарда туберкулез дертіне шалдыққандар саны азайған.

Еске салсақ, ересектер мен балалар арасында туберкулезді ерте анықтау үшін флюорографиялық зерттеулер мен манту сынамасы жүргізіледі. Ауруды кеш анықтаған кезде аурудың асқынған түрі қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін.

– Аурудың алдын алу немесе ертерек анықтау үшін мектепте балаларға манту сынамасы салынады. Әлі күнге дейін мұны тұрғындар «туберкулезге қарсы екпе» деп есептейді. Бірақ бұл – баланың туберкулезге шалдыққан-шалдықпағанын анықтайтын тәсіл ғана. Жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шықпай жатып БЦЖ деп аталатын екпе егіледі. Жалпы туберкулезге қарсы БЦЖ-ны қайта егу – 7 және 14 жаста жүргізіледі. Жыл сайын флюорографиялық скрининг (ересектер жылына бір рет), дәрігердің тағайындауы бойынша өкпені рентгенге түсіру, терапевтке қаралып, профилактикалық тексеруден өту маңызды. Қазақстанда туберкулезді анықтау мен оның алдын алу, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне кіреді. Былайша айтқанда, ауру тегін емделеді, – дейді емхананың бөлім меңгерушісі Жібек Тіленова.

Previous Post

«ОТБАСЫҢ — АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРМЕН ЖАҢА ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

Биыл Шымкентте 300-ге жуық жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі