13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ОТБАСЫҢ — АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРМЕН ЖАҢА ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
«ОТБАСЫҢ — АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРМЕН ЖАҢА ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Политехникалық колледжінде «Отбасың — алтын діңгегің» атты жастар арасында кездесу өтті. Кездесуге Әл-Фараби аудандық аналар кеңесінің төрайымы Тұрсынай Барлыбаева мен аналар тобының мүшелері Салима Бейсебаева, Разия Құлымбетова, Ләззат Сейдазимова, Райхан Нарымбаева, Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шымтөреева және колледж студенттері қатысты.

– Кездесуді ерекше форматта ұйымдастырдық. Ақ жаулықты аналар ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді, отбасы құндылығын, отбасындағы еркек пен әйелдің рөлін сахналық көрсетілімдермен ұғындырды.

Қазіргі таңда жас отбасылар арасында ажырасу жағдайы жиі кездеседі. Бұл мәселені шешу үшін әрбір отбасындағы ерлі-зайыптылар бір-біріне түсіністікпен қарап, бір-бірін сыйлай білу керек. Бүгінде отбасындағы ер адамға қарағанда әйелдің рөлі басымырақ. Қандай жағдай болмасын, қай кезде де еркек адам әйелден бір саты жоғары тұрады. Сол кезде отбасында ата-ана, балалары да әрқашан тату-тәтті өмір сүреді. Жастармен бірлесе дайындаған сахналық көріністе осы ойлардың бәрі айтылады. Мұның өзі жастарға ой салып, тәлім-тәрбие береді деген ойдамын, — деді Айгүл Шымтөреева.

Отбасы бақытты болу үшін оған шаңырақтағы әрбір адам атсалысу керек. Сонда ғана отбасы тату-тәтті, берекелі, ынтымақта өмір сүреді. Бұл Политехникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Дана Сайлаудың пікірі.

– Оқу орнында жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың жеке тұлға болып қалыптасуында игі тірліктер атқарып келеміз. Бүгін «отбасындағы құндылықтар», «отбасын қалай сақтап қалуға болады?» деген өзекті тақырыптарды жастармен бірге талқыладық. Колледж студенттері аналармен бірге отбасы жайлы сахналық көріністерді дайындады. Бұдан жастардың ұғынатыны көп. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, сол жағдайда бір ғана ұстаным – бір-біріне кешірімді болу. Сонда ғана шаңырақта сыйластық пен түсіністік болады,- дейді Политехникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Дана Сайлау.

Айта кетейік, жастар арасында мұндай кездесулер қаламыздағы оқу орындарында аға буынның қатысуымен тұрақты өтіп келеді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі