13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков гемодиализ қабылдайтын науқастармен кездесті. Жиында қаланың бас дәрігері бүйрек жеткіліксіздігімен есепте тұратын науқастардың проблемалы мәселелерін тыңдап, пікір алмасты.

— Шымкент қаласында 500-ге жуық адам бүйректің терминальді жеткіліксіздігімен гемодиализ қабылдауда. Қаламыздағы диализ орталықтарының саны 6-ау. Ал бүйрек жеткіліксіздігімен қала бойынша 250-науқас есепте тұрады. Амбулаторлық-консультативті кеңесті қала бойынша 5 мекеме жүргізеді. Атап айтқанда, Шымкент қалалық №2 ауруханасының емханасы, қалалық №12 емхана, қалалық №2 емхана, N13 емхана және Диагностикалық орталық. Мұндай науқастар үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Пациенттердің мәселесі кезек күттірмейді, — деген басқарма басшысы Н.Асылбеков жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиында науқастар тарапынан айтылған мәселелер бойынша гемодиализдік орталықтардағы көрсетіліп жатқан медициналық көмек бойынша мониторинг жүргізу бойынша ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ басқарма басшысы амбулаториялық бағдарламалық гемодиализге алынған науқастардың көрсетілімдері бойынша бас штаттан тыс гемодиализ бойынша маманмен бірге бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Айта кету керек, соңғы жылдары Шымкентте денсаулық сақтау ісіне айрықша көңіл бөлініп отыр.

Былтырдың өзінде қала аумағындағы бірнеше аурухана мен емхана күрделі жөндеуден өтті. Материалдық-техникалық база да жыл өткен сайын толығып келеді. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру ісі де назардан тыс қалған емес. Осының арқасында саладағы қызмет сапасы айтарлықтай артқан. Мұны үшінші мегаполистегі медициналық мекемелерде сәтті жасалып жатқан оталардан білуге болады. Бұрындары мұндай күрделі оталарды жасату үшін қала тұрғындары Алматы мен Астанаға, тіпті, шетелге барып жататын. Қазір қаладағы орталықтардың базасында жасау мүмкіндігі бар. Қала берді шетелдік білікті мамандармен тәжірибе алмасу ісі де жолға қойылып келеді. Мұның өзі ақ халаттылардың тәжірибесін толықтыруына үлкен мүмкіндік болып отыр.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

«ОТБАСЫҢ — АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРМЕН ЖАҢА ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі